№28 ЖОББМ бос лауазымдарына педагог тағайындау хаттамасы » СШ№28 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№28 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №28 ЖОББМ бос лауазымдарына педагог тағайындау хаттамасы
05
сентябрь
2024

№28 ЖОББМ бос лауазымдарына педагог тағайындау хаттамасы

Отырысты комиссия төрағасы А.Т.Шагатаева алғы сөзбен ашып, қатысушыларды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.

Алғашқы мәселе бойынша комиссия төрағасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21-ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 3-тарау, 1-параграф 141-тармағының 1-тармақшасына сәйкес мектептің интернет ресурсында және әлеуметтік желілерінің аккаунттарында 2024 жылдың  19-тамыз күні бос тұрақты мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі бос лауазымына, 1,5 бірлік ағылшын тілі пәнінің бос тұрақты мұғаліміне конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғанын, 2024 жылдың 28-тамыз күндері 1 үміткер тұрақты мектепалды даярлық сынып мұғалімінің лауазымына, 2 үміткер тұрақты, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі бос лауазымына аталған бұйрықтың 154-тармағына сәйкес конкурсқа түсуге ниет білдіріп, құжат тапсырғанын айтты.

Комиссия төрағасы мен мүшелері үміткер құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес бағалау парағында көрсетілген баллдарды есептеуді жүзеге асырды. Нәтижесінде мектепалды даярлық сынып мұғалімінің лауазымына үміткер Усенкулова Балжан Мамыровна 8,5 (сегіз жарым) балл, екінші үміткер ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Джурабаева Айгуль Джуатовна 11,5 (он бір жарым) балл, Наурызбай Гауһар Дүйсенбекқызы 9 (тоғыз) балл алғаны анықталды.


Шешімі:

  1. Үш үміткер арасында Усенкулова Балжан Мамыровна даярлық сынып мұғалімі лауазымына тағайындауға мектеп директоры А.Е.Ахметжановқа ұсыныс берілсін.
  2. Джурабаева Айгуль Джуатовна жоғары балл көрсеткен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лауазымына тағайындауға мектеп директоры А.Е.Ахметжановқа ұсыныс берілсін.
  3. Конкурс өткізу туралы комиссия отырысының шешімі №28 ЖОББМ сайтына және әлеуметтік парақшаларына жариялансын.
  4. Ұсынылған кандидаттар мектеп әкімшілігі тарапынан мектепішілік бақылауға алынсын.