Апталық ыстық тамақ
№28 жалпы білім беретін мектебінде 2020 жылдың 27қаңтар-21 ақпаны аралығында «Мектеп асханасы» республикалық алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылуына байланысты
«Ұтымды тамақтану» атты ашық есік апталығы
№28 жалпы білім беретін мектебінде 2020 жылдың 27қаңтар-21 ақпаны аралығында «Мектеп асханасы» республикалық алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылуына байланысты Асханада тамақтану кезіндегі әр оқушының өзін -өзі ұстау мәдениеті, тамақты тәулік ішінде ішу мөлшеріне көзқарастарын білу мақсатында сұрақтар қойылды. Оқушылар сұрақтарға жауап берді.
5 ақпан күні тамақтанудың негізгі ережелері – тақырыбында мектеп медбикесі Толешова Д . 1-11 сынып оқушылары арасында лекция оқыды.
10 ақпан күні « Ас- адамның арқауы» тақырыбында 5- сынып оқушыларының жетекшісі Толенова А. оқушыларымен сынып сағатын өткізді.
13 ақпан күні «Тамақтана білу денсаулық кепілі»-тақырыбында 4- сынып оқушыларының сынып жетекшісі Алимжанова Г. сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға тамақтану тәртібі мен тағам құрамы , дәрумендер жайлы түсінік беру.Әр атпал азамат баладан өседі.Соған байланысты оны бала шақта тәрбиелеу керек. Үлкендердің «баланы жастан» дейтініде сондықтан.Бала тәрбиесіндегі ең басты мәселенің бірі-оны дұрыс тамақтандыру.Өйіткені дұрыс тамақтанған баланың денсаулығы да зор болып өседі.



