Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы » СШ№28 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№28 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
27
ноябрь
2024

Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығы
      Қазақстандық қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғыртуға бағытталған реформаларды тиімді іске асыруды жалғастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
       1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілсін.
      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
       Қазақстан Республикасының

Президенті
Қ.Тоқаев

Қосымша



Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі
 ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ
№ р/сІс-шараның атауыАяқталу нысаныЖауапты
орындаушылар
Орындау мерзімі
12345
I. ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ
1.1. Саяси жаңғыру
1.Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жаңа институттарының: Конституциялық Соттың, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жұмысын күшейту бойынша ұсыныстарды тұжырымдауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, КС, АҚУ, БҚУ, АҚЖҰО2024 жылғы наурыз
2.Парламент пен мәслихаттардың жаңа сайлау жүйесінің негізінде - партиялық тізімдер мен бір мандатты округтер бойынша қалыптастырылуын қамтамасыз ете отырып, сайлау өткізуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратОСК, Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023 жылғы маусым
3.Партияаралық диалогты дамыту, саламатты саяси бәсекелестікті қамтамасыз ету, жетілген, жауапты сайлау мәдениетін қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, ОСК2023 жылғы наурыз
4.Қала және аудан әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу мониторингіПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023 жылғы шілде, желтоқсан
1.2. Тиімді мемлекеттік аппарат
5.Мониторинг пен талдау деректерінің негізінде мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша тәсілдерді тұжырымдауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарМҚІА2023 жылғы шілде
6.Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру практикасын жалғастыру, елдің барлық кәсіби жағынан білікті және патриот азаматтарына мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндігін ұсынуПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарМҚІА2023 жылғы сәуір
7.Адамның бүкіл өмірлік циклінің бойында қызметтерді проактивті көрсету үшін мемлекеттік дерекқорларды пайдалана отырып, Е-§өу мобильдік қосымшасының базасында мемлекеттің азаматпен және бизнеспен қашықтан өзара іс- қимыл жасауы үшін цифрлық инфрақұрылым құру ("Іп^ізіЫе Оо^еттепі" жобасы)Президент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, МҚІА, СЖРА2023 жылғы ақпан
8.Мөлшерін ТКШ мен абаттандыруға арналатын шығыстардың кемінде 10%-ы көлемінде айқындай отырып, "халық қатысатын бюджет" практикасын төртінші деңгейдегі (аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың) бюджеттерге таратуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, СЖРА, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023 жылғы сәуір


1.3. Әділ және тәуелсіз сот
9.Судьялардың сот төрағаларына тәуелділігін азайта отырып, оның ішінде сот төрағалары позицияларының бір бөлігін судья лауазымдарына өзгерту есебінен олардың тең мәртебесін қамтамасыз етуҚазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Қазақстан Республикасы Заңының жобалары Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының ЗаңыЖС, ЖСК2022 жылғы желтоқсан
2023 жылғы маусым
10.Репрессиялық тәсілден бас тарту, қылмыстық қудалау орбитасына түскен азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту бойынша ұсыныстарды тұжырымдауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, ЖС, БП, ҰҚК, СЖҚА, ҚМА2023 жылғы қаңтар
11.Сот төрелігін іске асыруда біркелкілікті қамтамасыз етуге арналған интеллектуалдық талдамалық жүйені толыққанды енгізуді жылдамдатуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратЖС, Үкімет2023 жылғы наурыз
12.Апелляция институтын реформалауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстар Қазақстан Республикасының ЗаңыҮкімет, ЖС2023 жылғы ақпан
2023 жылғы маусым
13.Алқабилердің қатысуымен сот қарайтын істердің санаттарын кеңейтуҚазақстан Республикасының ЗаңыЖС, БП, Үкімет2022 жылғы желтоқсан
14.Сот жюриінің шығарылуы кезінде судья өрескел заң бұзушылыққа жол берген, күші жойылған әрбір сот актісін тексеру тетігін енгізу бойынша шаралар қабылдауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратЖСК, ЖС2023 жылғы наурыз, қазан
15.Бас бостандығынан айыруға балама жазаларды қолдану практикасын кеңейтуПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, ЖС, БП2023 жылғы наурыз
16.Мыналар:
заманауи технологиялар мен медиацияны пайдалана отырып, тиімді азаматтық сот ісін жүргізу;
сотқа дейінгі талқылаулар жүйесін күшейту;
айыптау және қорғау тараптары арасындағы нақты жарыспалылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірлеу
Президент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, ЖС, БП, ҰҚК, СЖҚА, ҚМА2023 жылғы сәуір
1.4. Азаматтар құқығын қорғау
17.Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге, оның ішінде:
азаматтардың құқықтарын қорғауды арттыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
бизнестің істеріне өз бетінше араласу фактілеріне және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланудың өзге де нысандарына жол бермеуге;
азаматтарды қылмыстық процестің орбитасына барынша аз қажетті тарту кезінде шындықты анықтауға қажетті рәсімдерді оңтайландыруға;
қылмыс жасағаны үшін санкцияларды қайта қарауға, қоғамдық жұмыстарды қолдану аясын кеңейтуге және т. б. бағытталған ревизия жүргізу
Қазақстан Республикасы Заңының жобасыҮкімет, БП, ЖС, ҰҚК, СЖҚА, ҚМА2023 жылғы наурыз
18.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы одан арғы күрес бойынша шаралар қабылдауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратСЖҚА2023-2025 жылдар мамыр
19.XXI ғасырдағы қазақстандық полицияның сервиске бағдарланған кәсіби моделін құруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023-2024 жылдар желтоқсан
20.Адамның қадір-қасиетін қорлайтын және азаматтардың денсаулығына залал келтіретін азаптауларды және тергеп-тексерудің рұқсат етілмеген өзге де әдістерін болғызбау жөнінде шаралар қабылдауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратБП, ҰҚК, СЖҚА, ҚМА, Үкімет, АҚЖҰО2023 жылғы маусым, желтоқсан
21.Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарды қабылдауҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысыҮкімет, ҰҚК, БП, ҰБ, ҚМА2023 жылғы наурыз
22.Азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды күшейтуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратБП2023 жылғы ақпан
23.Құқық бұзушылықтар профилактикасы жүйесінің тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерді тұжырымдауға қатысуын кеңейтуПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, БП, АҚЖҰО2023 жылғы ақпан
24.Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, есірткі қылмыстарына, алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін қабылдауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратБП, ҰҚК, СЖҚА, ҚМА, Үкімет2023 жылғы маусым, желтоқсан
25.Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауаптылықты күшейтуҚазақстан Республикасы Заңының жобасыҮкімет, БП, ЖС2022 жылғы желтоқсан


1.5. Ел қауіпсіздігі
26.Ұлттық мүдделерді қорғауға, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің алдын алу тетіктерін тұжырымдауға және Қазақстанның БҰҰ шеңберінде халықаралық қауіпсіздік жүйесін күшейтуге қосатын үлесін арттыруға бағытталған, теңгерімді сыртқы саясатты жүргізуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023-2029 жылдар желтоқсан
27.Елдің әскери қауіпсіздігінің сын-қатерлеріне барабар ден қоюға қабілетті, озық қару-жарақпен және басқару жүйелерімен жарақтандырылған технологиялық және мобильді армия құруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, ҰҚК, МКҚ2023-2029 жылдар желтоқсан
28.Заманауи технологиялар трансфертін және өндірістің орналасуы жоғары екенін ескере отырып, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту жөнінде шаралар қабылдаужол картасыҮкімет, ҰҚК, МКҚ2023 жылғы ақпан
29.Мыналарға:
әскери білім беру жүйесін кәсіби әскери кадрларды даярлауға бағдарлай отырып, оны жетілдіруге, сондай-ақ әскери ғылымның деңгейін арттыруға;
әскери қызметтің беделін, әскери қызметшілердің мәртебесін және Қазақстан армиясының беделін арттыруға;
жастарды Қазақстан халқына адалдық, Отанды қорғау жөніндегі әскери борышын қалтқысыз орындау рухында патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған жаңа тәсілдерді енгізу
Президент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, ҰҚК, МКҚ2023 жылғы наурыз
30.Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысын нығайту жөнінде шаралар қабылдауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023 жылғы мамыр, қараша
II. ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА
2.1. Мемлекеттің әділетті және айқын экономикалық саясаты
31.Ұлттық қордың активтерін 100 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайту, қорды сапалы басқаруды, оның сақталуын және лайықты инвестициялық кірісті қамтамасыз етуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҰБ, Үкімет2023-2029 жылдар қыркүйек
32.2025 жылы көлеңкелі экономиканың деңгейін ЭЫДҰ елдерінің көрсеткішіне - ЖІӨ-ге қатысты 15%-ға дейін төмендетуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, ҚМА2023-2025 жылдар шілде
33.2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ға дейін төмендетуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)2023-2025 жылдар қыркүйек
34.2029 жылға дейін кемінде 150 миллиард АҚШ доллары болатын тікелей шетелдік инвестицияларды тартуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023-2029 жылдар шілде
35.Бәсекелестікті қорғауға, монополистерге бақылауды күшейтуге бағытталған процестерді жалғастыруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратБҚДА, СЖРА2023-2025 жылдар маусым
36.Экономиканы монополиясыздандыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, БҚДА2023-2029 жылдар маусым
37.Әділ, ашық, болжамды салық салуды қамтамасыз етуге бағытталған, оның ішінде:
салықтық әкімшілендіруді жаңарту; салықтық бақылауды мүмкіндігінше барынша цифрландыруды қамтамасыз ету;
экономиканың түрлі секторларында сараланған салық мөлшерлемелеріне көшу;
технологиялық жаңғыртуға және ғылыми әзірлемелерге бағытталған пайдадан алынатын корпоративтік табыс салығын төмендету немесе одан босату тетігін енгізу;
салық төлеуден жалтару тәуекелдерін барынша азайту мақсатында арнаулы салық режимдерін оңайлату;
салық жүктемесін төмендету мақсатында ұйымдарды қасақана бөлшектеуге жол бермеу;
барабар мөлшерлемелері және қарапайым рәсімдері бар бөлшек сауда салығын қолдануды кеңейту;
сәнді заттарға салынатын салық мөлшерлемелерін көтеру;
кәсіпорындардың кірістерін Өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу қорын ұлғайтуға бағытталатын қаражат мөлшерінде салық салудан босату;
мемлекеттік қолдау алу кезінде бизнестің қарсы міндеттемелерін белгілеу арқылы жұмыскерлердің жалақысын көтеруді ынталандыру көзделетін жаңа Салық кодексінің қабылдануын қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы
Қазақстан Республикасының Кодексі
Үкімет, СЖРА, ЖС2023 жылғы желтоқсан
2024 жылғы қазан
38.Ең төмен жалақыны айқындаудың серпінді тәсілге негізделген және негізгі экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде инфляция деңгейін ескеретін жаңа әдістемесін енгізуПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстар
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Үкімет, СЖРА2023 жылғы қаңтар
2023 жылғы желтоқсан
39.Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санының 4,7 млн адамға дейін өсуін қамтамасыз етуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)2023-2029 жылдар қаңтар
40.Ішкі еңбек нарығын қорғауды күшейту бойынша, оның ішінде еліміздің азаматтары болып табылатын жұмыскерлердің мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды тұжырымдауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, СЖРА, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)2023-2029 жылдар желтоқсан
41.3.3 млн-нан астам азаматты, оның ішінде кемінде
2.3 млн адам жастарды жұмысқа орналастыру
Президент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)2023-2029 жылдар қаңтар
42.Жалдаудың жаңа нысандарын: қашықтан жұмыс істеуді, икемді жұмыс графигін, ішінара жұмыспен қамтуды дамыту үшін еңбек заңнамасын ырықтандыруҚазақстан Республикасы Заңының жобасыҮкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)2023 жылғы желтоқсан
43.Жаңа "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заң қабылдау, оның ішінде:
сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің, сондай-ақ жергілікті қамтудың ең төменгі бағасынан сапаның басым болуын;
барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарды сатып алудың бірыңғай платформасына көшіруді көздеу
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Заңы
тәжірибелік пайдалануға беру актісі
Үкімет, БҚДА, СЖРА, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)2023 жылғы қыркүйек
2023 жылғы желтоқсан
2024 жылғы наурыз
44.Орта және жоғары қайта бөлу өнімдерін өндіру мақсатында ішкі нарықтың қажеттілігі үшін жеңілдік бере отырып, ел аумағында өндіріп алынатын және өндірілетін базалық материалдарды беруді қамтамасыз етуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023-2025 жылдар шілде
45.Шетелдік әріптестермен бірлесіп, ірі мұнай-газ жобаларын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысыҮкімет2023 жылғы шілде
2.2. Бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы және орнықты ауыл
46.1 млн-нан астам ауыл тұрғынын қамти отырып, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға 1 трлн теңге бағыттау және барлық жеке қосалқы шаруашылықтардың жартысын кооперативтік кәсіпкерлікке тарту және микрокредит берудің және сату нарығына қол жеткізуін қамтамасыз етудің есебінен 350 мыңнан астам жұмыс орнын құруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023-2029 жылдар желтоқсан
47.Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу үшін жеңілдік жағдайларды қамтамасыз етуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023-2029 жылдар желтоқсан
48.Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің, оның ішінде: ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы суару ауданын 2,5 млн гектарға дейін жеткізе отырып, екі есеге арттыруға;
3,5 мың км суару арналарын реконструкциялауға;
шамамен 4 текше км суды қосымша жинақтау үшін 25 жаңа су қоймасын салуға және 16 жұмыс істеп тұрған су қоймасын жаңғыртуға бағытталған құжатын әзірлеу
Президент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, СЖРА, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023 жылғы наурыз
2.3. Ашық көлік дәліздері және логистика
49.Қазақстан Республикасының көліктік- логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі, оның ішінде:
Транскаспий халықаралық маршрутын транзиттік және экспорттық мүмкіндіктерді әртараптандыру үшін негізгі байланыстырушы буынға айналдыруға;
теңіз порттары мен флотын нығайтуға, Каспий теңізінде заманауи контейнерлік хаб құруға;
Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия елдерімен және Каспий маңы өңірімен шекаралас сауда- экономикалық орталықтар желісін ашуға;
Отандық өндірушілер мен экспорттаушылардың қол жеткізуін шектемей, транзиттік тасымалдар үшін бірыңғай цифрлық жасыл дәліз құруға бағытталған тұжырымдамасын әзірлеу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысыҮкімет, СЖРА2022 жылғы желтоқсан
50.Авиабилеттер бағасын төмендету мақсатында авиатасымалдар нарығында нақты бәсекелестікті қамтамасыз етужол картасыБҚДА, Үкімет, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ2023 жылғы ақпан
51.11 мың км теміржол учаскелерін жөндеуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ2023-2029 жылдар желтоқсан
52."Достық - Мойынты", "Дарбаза - Мақтарал" теміржол желілерін, Алматының айналма тармағын, Қытаймен шекарадағы "Бақты" теміржол өткелін іске қосуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ, Алматы, Абай, Түркістан, Жетісу облыстарының әкімдері2023 жылғы шілде,
2024 жылғы қаңтар, қараша
2.4. Сенімді энергетика
53.Қайта өңдеу көлемін жылына 21 млн тоннаға дейін арттыру арқылы ішкі нарықты мұнай өнімдерінің негізгі түрлерімен қамтамасыз етужол картасыҮкімет, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ2023 жылғы сәуір
54.Мұнай өндірудің өсу шамасына қарай көмірсутек шикізатын экспорттау үшін дәліздерді әртараптандыружол картасыҮкімет, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ2023 жылғы наурыз
55.Тауарлық газ ресурстарын 30 млрд текше метрге дейін ұлғайту үшін жаңа газ өңдеу қуаттарын салу және елді газдандырудың кемінде 60 пайыздық деңгейін қамтамасыз етуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023-2029
жылдар
желтоқсан
56.Энергетикалық инфрақұрылымды, оның ішінде:
3,7 гигаватт электр генерациялайтын қуаттар мен жылу электр орталықтарын салуды;
елдің энергия жүйесін сақиналайтын электр беру желісінің құрылысын аяқтауды қамтитын жаңғырту
Президент Әкімшілігіне ақпарат пайдалануға беру актісіҮкімет, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "КЕGОС" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ, "Qаzаqgаz" ҰК" АҚ2023-2029 жылдар
желтоқсан
2028 жылғы желтоқсан
57.Жаңартылатын энергия өндірісінің көлемін 1,5 есеге ұлғайтуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023-2029 жылдар желтоқсан
2.5. Қуатты аймақтар мен дамыған инфрақұрылым
58.7 жыл ішінде 111 миллион шаршы метр тұрғын үй салуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ2023-2029 жылдар желтоқсан
59.Үлестік қатысуы бар барлық проблемалық үйлердің құрылысын аяқтауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "ҚТК" ҰК" АҚ2023-2026 жылдар желтоқсан
60.Апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлердің 40 мыңға жуық меншік иесін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері,2023-2029 жылдар желтоқсан
61."7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотекалық кредиттеуді жалғастыруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҰБ2023-2029 жылдар желтоқсан
62.Жаппай тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік коммуникациялар салуды жандандыружол картасыҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері2023 жылғы мамыр
63.Елді мекендердің 100%-ын сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері2023-2025 жылдар желтоқсан
64.Жылумен және сумен жабдықтау, су бұру желілерінің тозу көрсеткішін 40%-ға дейін төмендетуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері2023-2029 жылдар желтоқсан
65.Республикалық маңызы бар автожолдың 8 мың км мен облыстық және аудандық маңызы бар автожолдың 14 мың км сапалы салуды және реконструкциялауды қамтамасыз етуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері2023-2029 жылдар желтоқсан
66.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жаңа инвестициялар тарту үшін "тарифті инвестицияға айырбастау" қағидатын енгізужол картасыҮкімет, БҚДА, СЖРА2023 жылғы ақпан
2.6. Озық қолданбалы ғылым
67.Қолданбалы ғылымды, оның ішінде бизнестің ғылыми зерттеулерді бірлесіп қаржыландыруы есебінен қаржыландыруды кезең-кезеңімен ұлғайту, сондай-ақ ғылыми және ғылыми- техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін, атап айтқанда, жыл сайынғы гранттар бөлу арқылы жағдайлар жасауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Назарбаев университеті" ДБҰ (келісім бойынша)2023-2026 жылдар шілде, желтоқсан
68.Жетекші жоғары оқу орындары мен ірі кәсіпорындардың жанынан мамандандырылған инжинирингтік орталықтарды, ғылыми- технологиялық парктерді қалыптастыру және дамытуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "Назарбаев университеті" ДБҰ (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ2023-2026 жылдар шілде, желтоқсан
69."Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заңын қабылдауды қамтамасыз етуҚазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Заңы
Үкімет, СЖРА, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ2023 жылғы маусым
2024 жылғы сәуір
2.7. Жаңа цифрлық мүмкіндіктер
70.Барлық қалалар мен аудандар орталықтарында кең жолақты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023-2029 жылдар желтоқсан
71.Республикалық және негізгі облыстық автожолдарды сапалы түрдегі ұялы және интернет- байланыспен қамтуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023-2029 жылдар желтоқсан
72.Қазақстанның цифрлық өңірлік хабқа айналуы бойынша, оның ішінде қуатты деректер өңдеу орталықтарын салуды, трансшекаралық оптикалық талшықты магистральдарды төсеуді, ірі халықаралық ІТ-компанияларды тарту үшін заңнаманы өзектендіруді көздейтін шаралар кешенін әзірлеужол картасыҮкімет, ҰҚК, СЖРА, АҚҚО, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ2023 жылғы сәуір
73.ІТ-компанияларда кемінде 150 мың жаңа жұмыс орнын құруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023-2029 жылдар желтоқсан
74.Цифрлық технологиялардың экономикаға салымын елдің ЖІӨ-нің 1%-на дейін жеткізуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023-2029 жылдар желтоқсан
III. ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ
3.1. Қолжетімді және сапалы білім
75.2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2022 жылғы желтоқсан,
2023-2025 жылдар шілде, желтоқсан
76."Бала берілетін ақша" қағидатын іске асыруға мүмкіндік беретін мектепке дейінгі ұйымдарға жолдамаларды есепке алудың, кезектіліктің және берудің бірыңғай базасын қамтитын ақпараттық жүйені құруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023-2024 жылдар шілде, желтоқсан
77.Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды білім беру ұйымдарында тегін тамақпен, барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023-2026 жылдар тамыз
78.Шамадан тыс жүктемелі сыныптар, апатты мектептер және үш ауысымды оқыту мәселесін түпкілікті шешу үшін қолайлы оқу жағдайлары бар 1,5 млн оқушы орнын енгізуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023-2025 жылдар желтоқсан
79.Шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда жыл сайын кемінде бір мың мектепті заманауи стандарттар бойынша жаңғыртуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023-2025 жылдар желтоқсан
80.Робот техникасы, химия, биология, физика, SТЕМ пәндерінен кемінде 7000 заманауи мектеп кабинеттерін ашуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023-2029 жылдар шілде
81.Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу, қажетті оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023 жылғы қаңтар, қыркүйек
82.Оқу материалдарына лезде қол жеткізуді, мектеп ғимаратына кіруді қамтамасыз ететін және тамақтану үшін төлем құралы болып табылатын оқушыларға арналған сәйкестендіру карточкалары жүйесін іске қосуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023-2024 жылдар шілде, желтоқсан
83.Компьютерлері жоқ балаларға арналған ұйымдастыру техникасын жалға беру бағдарламасын іске қосу және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан оқушылардың компьютерлерді өтеусіз жалға алуына мүмкіндік беруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023 жылғы тамыз
84.Білім беру ұйымдарын (мектептер, колледждер, мектепке дейінгі ұйымдар) қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тиісті жабдықтармен жарақтандыруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023-2025 жылдар тамыз
85.Балаларға арналған 50 сауықтыру лагерін ашу, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объектілер салу (оқушылар сарайлары, жас техниктер станциялары, балалар технопарктері, музыка және көркемсурет мектептері және т. б.)жол картасыҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023 жылғы ақпан
86.Балалардың спорт секциясына немесе шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуына мүмкіндік беруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023-2025 жылдар шілде, желтоқсан
87.Студенттер стипендияларының мөлшерін 2 есеге ұлғайтуПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет2023 жылғы қаңтар
88.Барлық студенттің білім алу үшін қажетті әлемдік цифрлық кітапханаларға тегін қол жеткізуін қамтамасыз етуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023 жылғы желтоқсан
89.Студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесін шешуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023-2026 жылдар шілде, желтоқсан
3.2. Заманауи медицина
90.2027 жылы саланы қаржыландыру деңгейін ЖІӨ-нің кемінде 5%-ы болуына жеткізе отырып, денсаулық сақтауды дамытудың орнықты моделін құру жөнінде шаралар қабылдауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, СЖРА, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023-2028 жылдар шілде
91.Салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту, денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023 жылғы маусым, желтоқсан
92.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың сапасы мен ашықтығын арттыру үшін оның жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, СЖРА2023 жылғы наурыз
93.Дәрігерлік кәсіп мәртебесін заңнамалық бекіту, медицина жұмыскерлерін қорғау мен қолдауды күшейтуҚазақстан Республикасы Заңының жобасыҮкімет2023 жылғы қыркүйек
94.Бүкіл халықты профилактикалық қарап-тексеру, оның ішінде онкологиялық және жұқпалы емес аурулар бойынша профилактикалық қарап-тексеру бағдарламасын кеңейтуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023 жылғы желтоқсан
95.Заманауи жабдықтармен жарақтандырылған және білікті медицина персоналымен жасақталған заманауи перинаталдық орталықтар желісін салуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023-2027 жылдар желтоқсан
96.Балалар онкологиясы және гематологиясының ұлттық орталығын құруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023-2029 жылдар желтоқсан
97.Онкологиялық қызметті кешенді жаңғыртужол картасыҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023 жылғы шілде
98.Уақтылы көмек көрсету үшін бірыңғай консультативтік инсульт орталығын іске қосуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023 жылғы шілде,
2024 жылғы қыркүйек
99.Ішкі нарықта отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін 50 %-ға дейін жеткізужол картасыҮкімет2023 жылғы сәуір
100.Ауылдық жерлерде "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде кәсіби кадрлармен және заманауи жабдықтармен жарақталған 700 жаңа медицина объектісін ашу және төрт млн-нан астам ауыл тұрғынын мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекпен (қалалық және облыстық ауруханалар деңгейінде) қамтамасыз етуҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысыҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Тигаг НеаІШсаге" КеАҚ2022 жылғы қараша
101.Телемедицина арқылы орналасқан жері бойынша медициналық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023 жылғы маусым
102.Дәрігерлердің есептілігін азайту және "Электрондық үкімет" порталындағы жеке кабинетте және еGоv mоbіlе мобильді қосымшасында цифрлық технологиялар арқылы дәрі-дәрмектің рецептілеріне қол жеткізуді қоса алғанда, әрбір азаматтың денсаулығы туралы ақпаратқа толық қолжетімділігін қамтамасыз етуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2024 жылғы мамыр
3.3. Әлеуметтік қорғау
103.2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 %-ын балалардың арнайы жинақтау шоттарына олар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз, оларды кейіннен тұрғын үй сатып алуға және білім алуға пайдалану мүмкіндігімен аударуды көздейтін "Ұлттық қор - балаларға" жобасын іске қосуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет, ҰБ2023 жылғы маусым
104."Самұрық-Қазына" қорының таза табысының кемінде 7 %-ын "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына жыл сайын аударуды қамтамасыз етуҚазақстан Республикасының ЗаңыҮкімет, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ2022 жылғы желтоқсан
105.Уақытша жұмысқа орналастырылмаған азаматтарды қолдау жүйесін күшейту, оның ішінде
жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін табыстың 45 %-ына дейін ұлғайту есебінен күшейту
Қазақстан Республикасының Заңы
Президент Әкімшілігіне ақпарат
Үкімет2022 жылғы желтоқсан
2023-2029 жылдар желтоқсан
106.Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау бойынша:
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша арнайы жобаларда жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасауды жүзеге асыратын отбасы мүшелеріне жалақы төлей отырып, еңбек өтіліне қосу арқылы оларды жеке көмекші ретінде ресімдеуге;
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы техникалық құралдарды және оңалту қызметтерін, ұйымдар мен әлеуметтік жұмыскерді таңдау мүмкіндігін беруге;
дербес сүйемелдеумен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін қабылдау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысыҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023 жылғы мамыр
107.Мамандандырылған балалар мекемелерін балаларды қолдау қолдау орталықтарына айналдыруПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023 жылғы шілде
108.Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық орналастырудың баламалы нысанын - асырап алатын кәсіби отбасыларды енгізуПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет2023 жылғы наурыз
109.Әртүрлі инстанцияларға жүгінбей, проактивті форматта мемлекеттік қолдау алумен байланысты адам өмірінің барлық бағыттарын қамтитын Отбасының цифрлық картасын енгізупайдалануға беру актісіҮкімет, СЖРА2022 жылғы желтоқсан
110.Аз қамтылған отбасылардан шыққан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы азық-түлік жиынтығынан ақшалай көмек түріне ауыстыруҚазақстан Республикасының ЗаңыҮкімет2023 жылғы қаңтар
111.Бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер кезеңін 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғайтуҚазақстан Республикасының ЗаңыҮкімет2022 жылғы желтоқсан
112.Мұқтаж азаматтар үшін коммуналдық көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындардың кемінде 30%-ын өтеу тетігін іске қосуҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысыҮкімет2023 жылғы шілде
113.Жеке тұлғалардың төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заң қабылдауҚазақстан Республикасының ЗаңыҮкімет2023 жылғы желтоқсан
3.4. Ортақ құндылықтар мен мәдениет
114.Тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлеріне бір уақытта табанды қарсы тұрып, мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыруПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет2023 жылғы сәуір
115."Әртүрліліктегі бірлік" әмбебап қағидаты негізінде этносаралық бірлік пен конфессияаралық келісімді нығайту саясатын жалғастыруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023 жылғы желтоқсан
116.Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының бірегей объектілерін ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне номинациялау бойынша жұмыс жүргізуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023-2029 жылдар желтоқсан
117.Қазақстанды бірегей ұлттық мәдениеті бар ел, бейбітшілік, келісім, ізгілік, толеранттылық аумағы ретінде халықаралық аренада ілгерілетуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023-2029 жылдар желтоқсан
3.5. Жаңа буын
118.Жастар саясаты туралы жаңа тұжырымдама мен заң қабылдауҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Үкімет2023 жылғы наурыз
2023 жылғы қыркүйек
119.Қоғамдық кеңестерде жастар квотасын енгізуПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет2023 жылғы желтоқсан
120.Конкурстық негізде жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5% жеңілдікпен кредит беруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023 жылғы қаңтар, желтоқсан, 2024-2029 жылдар желтоқсан
121.Ерекше қажеттіліктері бар жас кәсіпкерлерді қосымша гранттық көмекпен қамтамасыз етуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023-2029 жылдар желтоқсан
122.Кретаивтік индустрияны дамытуды қолдауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023-2029 жылдар желтоқсан
123.Музыка, кино, театр, әдебиет, dіgіtаl-графика саласында жас таланттардың халықаралық фестивальдарын өткізуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023-2029 жылдар желтоқсан
124.Жыл сайын "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранттарын беруҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысыҮкімет2023 жылғы қазан
125.Волонтерлар қозғалысын жандандыруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023-2024 жылдар наурыз
3.6. Экологиялық ойлау
126.Балабақшалардан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі білім берудің барлық деңгейінде экологиялық білім беру сапасын арттыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет2023 жылғы ақпан
127.Зиянды заттар эмиссиясын, оның ішінде елдің өнеркәсіп орындарында экологиялық бақылауды күшейту есебінен 20%-ға азайтуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023-2029 жылдар желтоқсан
128.Су ресурстарын ұтымды пайдалануға, қорғауға және тазартуға бағытталған жаңа Су кодексін қабылдауды қамтамасыз етуҚазақстан Республикасы Кодексінің жобасы
Қазақстан Республикасының Кодексі
Үкімет2023 жылғы наурыз
2023 жылғы желтоқсан
129.Еліміздің су объектілерінің экожүйесін сақтауға, оларды өнеркәсіп орындарының ластауынан қорғауға бағытталған су саласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысыҮкімет, СЖРА2023 жылғы ақпан
130.Орман алқабын 14,5 млн гектарға дейін жеткізуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023-2029 жылдар желтоқсан
131.Жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің санын қалпына келтіруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023-2029 жылдар желтоқсан
132.2029 жылға қарай барлық ірі қалаларда электромобильдер үшін қажетті инфрақұрылымды жасауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҮкімет2023-2029 жылдар желтоқсан







      Ескертпе: аббревиатураларды таратып жазу:
     МҚІА - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
     БҚДА - Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
     СЖҚА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
      СЖРА - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
ҚМА - Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
"Қазақтелеком" АҚ - "Қазақтелеком" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
"ҚазМұнайГаз" АҚ - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
"КЕООС" АҚ - "КЕООС" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" акционерлік қоғамы
"Назарбаев Университеті" ДБҰ - "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы
"ҚТК" ҰК" АҚ - "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
"Qаzаqgаz" ҰК" АҚ - "Qаzаqgаz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ - "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы
"Самұрық-Энерго" АҚ - "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы
ЖІӨ - жалпы ішкі өнім
ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
ЖСК - Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі
БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
 ТКШ - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҚСЗИ - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты
КС - Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты
АХҚО - "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамы
"Тurаr Неаlthcare" КеАҚ - "Тurаr Неаlthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
"Атамекен" ҰКП - "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
АҚЖҰО - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ЭЫДҰ - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
МКҚ - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі
БҚУ - Бала құқықтары жөніндегі уәкіл
АҚУ - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
ОСК - Орталық сайлау комиссиясы
ЮНЕСКО – United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы)
ІТ - Іntеrnаtiоnаl Тесһnоlоgіеs (ақпараттық технологиялар)
 SТЕМ - Sсіеnсе, Тесһnоlоgіеs, Еngіnееrіng, Маtһеmаtісs (ғылым, технологиялар, инжиниринг, математика)