"Қайырымдылық керуені" атты акция. » СШ№28 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№28 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қайырымдылық керуені" атты акция.
08
февраль
2022

"Қайырымдылық керуені" атты акция.

Анықтама №28 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 8 ақпанында аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету мақсатында «Қайырымдылық керуені» атты акция өткізілді. Қайырымдылық -халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адамдар бір-біріне қайырымдылық мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қайырымдылық акциясы, 2сынып жетекшіcі: Алимжанова Гүлзағираның оқушы жанына жігер ұялататын сөзімен ашылды. Қайырымдылық акциясы барысында оқушылар мейірімділік, қайырымдылық, сыйластық, ынтымақтастық, бақытты балалық шақ туралы тақпақтарын және қайырымдылық туралы мақал-мәтелдерін айтты. Мұхтархан Тахминаның әнімен қайырымдылық акциясы өз мәресіне жетті. Қайырымдылық жасау мақсатында берілген ақшаны жинақтауға арнайы қорап жасалынды. Әркез жүрегі кең, пейілі ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұратын мектебіміздің ұстаздары мен қызметкерлерімізден жиналған қаржыға аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан оқушыларға оқу құралдары және1мектеп формасы (костюм шалбар) әперілді. Арнайы дайындалып салынған оқу құралдарын ұстаздарымыз балаларға табыстады. Қайырымдылық акциясына қол ұшын беруге ат салысып демеушілік көрсеткен ұстаздарымызға және кіші қызметкерлерімізге алғысымыз шексіз.