ҚАЗАҚТЫҢ ТЕКТІ ҚЫРАНДАРЫ. » СШ№28 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№28 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАЗАҚТЫҢ ТЕКТІ ҚЫРАНДАРЫ.
19
октябрь
2022

ҚАЗАҚТЫҢ ТЕКТІ ҚЫРАНДАРЫ.

 19.10.2022 жылы Меркі ауданы білім бөлімінің қосымша білім беру мекемесі Оқушылар "Үміт"сарайының қосымша білім беру педагогы,аудандық "Жас Ұлан"балармен жасөспірімдер ұйымының үйлестірушісі Мира Турекулованың жетекшілігімен #28,30 ЖОББМ тәлімгерлерінің ұйымдастыруымен  #28 Жалпы орта білім беретін мектебінде Мәншүк Маметова және Талғат Бегельдиновтың 100 жылдығына арналған "Қазақтың текті қырандары!" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.
  
Мақсаты: Жас ұрпақты рухани тәрбие мен қайсарлыққа баулу,батыр бабаларымыздың ерлігін насихаттау.Халық қамын ойлаған тұлғалар мен елін қорғаған батырлардың ісін үлгі етіп,оқушыларды адамгершілікке,намысқойлыққа,ержүректілікке,Отан сүйгіштікке,еңбекқорлық пен адалдыққа,ерлік пен ұлттық рухқа тәрбиелеу.
 "Қазақтың текті қырандары"атты дөңгелек үстелімізді мектебіміздің директоры Ахметжанов Айдын Еркінұлы құттықтап ашты.
 Мәншүк Маметова және Талғат Бегельдиновтың өмірлеріне арналған естелік жазбалар көрсеу,баяндау.
Батырларымыз туралы ақпарат беруге аға буын ардагер ұстазымыз Байқұлов Үсен Малдыбайұлымен әңгіме сұхбат жүргізілді. 
"Қаһарман ерлік соғыс кезінде де,бейбіт кезінде де ауадай қажет"осы тақырыпа талқылаулар жасады жасұландықтар.
 "Ұлы даланың ұранды ұл-қыздары"туралы #28ЖОББМ 9"а"сынып білім алушысы Орын Сабина Мәншүк Мәметова туралы,9"ә"сынып білім алушысы Жексембі Аяла Талғат Бигельдинов туралы презентациясымен  таныстырды.
"Ерліктер ешқашан ұмытылмайды" батырларымызға арналған өлең жырларын #30 ЖОББМ жасұландықтары орындады.
#28 ЖОББМ Жасұландықтардың тартумен 7сынып білім алушысы Зауыт Ералының  орындауында "Қазағым-ай" және "Жақсы адамдарым"әндерімен тамашаланды.  "Қазақтың текті қырандары"атты дөңгелек үстелімізді Оқушылар "Үміт"сарайының әдіскері Турекулова Мира қорытындылады.
тәлімгер:Мухатаева Гульдария Рақымқызы.