№28 ЖОББМ Lesson Study жобасы - іс-тәжірибе алмасу алаңы.
Ұзақ мерзімді тәжірибе кезіндегі мектептің даму процесі және өзгерістерді басқару процесіндегі басшының өзін-өзі дамытуы туралы қорытынды есеп
«Мектепті басқарудағы иновациялық менеджмент» курсында, басшы менеджер ретінде кәсіби дамуы туралы ақпарат алдым.
Мектептегі тәжірибелік кезеңді өткізу үшін нақты жоспар қажет. Алты айлық курстың тәжірибе кезеңіне жоспар құрдым. Жоспарға алғашқыда курс бағдарламасымен, идеяларымен таныстыруды мектеп әкімшілігі мүшелерімен және директор жанындағы кеңесте курс ресурстарын пайдалана отырып енгіздім. Осы өзгерістерді енгізу үшін шығармашыл топ керек. Бұл топты кәсіби шеберігі, жоғарғы санатты мұғалімдермен қатар жас мамандарды қосуды ұйғардым. Команда мүшелерін теориямен таныстыру үшін жоспарға Lesson Study маңыздылығын түсіндіру коучингтерін, кездесуді және дебатты енгіздім. Проблеманы іздеу барысында сабаққа қатысу, сауалнама алу, кәсіби сұхбат жүргізуді жоспарладым. Анықталған проблема бойынша эксперимент сабақ жүргізуді қолға алдым.
Жоспарланған мәселені төрт аптаға бөлдім, бағыт бойынша мектепке барып жұмыс жасадым. Мектеп ұжымына курс идеясымен, жоспармен және мектептің болашаққа бағдарымен таныстырып, талқылау жасадық. Ата-аналар мен оқушыларға арналған арнайы сауалнамалар жүргізілді. Осы сауалнама нәтижесінде мен өзіме қажетті мәлімет жинақтадым. Осы жобаны мектеп бағдарламасына енгізу үшін маған менің идеямды бірінші болып қолдайтын серіктестер қажет болды. Жоспарды ары қарай жүргізу үшін шығармашыл топ құрдым. Шығармашылық топ мүшелері жоспармен танысты. Lesson Study маңыздылығын түсіндіру үшін «Lesson Study дегеніміз не?» тақырыпта коучинг өткіздім. Лидер және тәжірибелі мұғалімдермен LS бойынша кеңес өткіздім. Осы сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдеріне «Lesson Study сабақты зерттеу арқылы мұғалімнің кәсіби дамуын қалай арттыруға болады?» тақырыбында дебат өткізілді. Шығармашылық топ жинаған ақпаратты негізгдеп эксперименттік сабақ жоспарын жасады. Екі сыныптың сабақтарын зерттеуге эксперимент топ жасақталды. Эксперименттік сабақ барысында LS оқушылардың білім сапасын, оқушы қызығушылығын арттыруда жақсы нәтижеге жетуге болатынын білді.
Шығармашыл топ отырысында нәтижелерді талдау, саралау, зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қорытынды жасалынды.
Мектептің миссиясы бойынша мектепті дамытуда жаңа әдістер мен түрлі ресурстарды қажет ететін білім берудің жайлы ортасын құру мақсатында жоспар жасалды, жұмысты жаңаша жүргізуге инновациялық бағдарлама көмек берді. Педагогтардың тәжірибесін арттыруда Lesson study үдерсін жүргізуде ұжымда жаңалықты қолдай қойғандардың аз болуына байланысты, өзгерістің түпкі мақсаттарына жету алғашында қиындық туғызғанмен соңына қарай біраз жұмыстың нәтижесі көріне бастады.Сабақты зерттеу жспарлау кезеңі бірнеше қадамнан тұрды: мәселені анықтау, сынып туралы деректер жинақтау, деректермен жұмыс істеу, өткен сабақ туралы нәтижелерді бағалау және зерттеу топтарының жұмысында туған қиыншылықтарды шешу үшін бірнеше сабақтан тұратын жоспар құру керек, өйткені бір сабақ ауқымында зерттеу жұмсы нәтижелі болуы қиын.
Сабақты зерттеу тобының жоспары немесе жұмыс қадамдары: сабақты зерттеу тобын құру, зерттеу сұрағн табу, сабақтың зерттеу мақсатын айқындау, күтілетін нәтижені жоспарлау.Содан кейін әр топ бірлесе отырып жоспарлады, бақылау барысында пайдаланатын құралдар, сабақ жоспарына жаңалықтар енгізу, сабақ жоспарының түзетілген жаңа нұсқасын дайындау.
Мектебімізде құрылған зерттеу топтарымен кеңесе отырып екінші тәжірибе кезеңіндегі жүргізілетін сабақтардың жоспары және коучинг, дебат, тағы басқа іс-шаралардың жоспары жасалды. Сабақты зерттеу бойынша топтар өздерінің тәжірибесі мен оқушылардың білім сапасын жақсарту ынтымақтастықта бірігіп жұмыс жасайтын 4-5 мұғалімнен құрылды.Зерттеу мәселесін анықтау ең күрделі жұмыстардың бірі болды.Зерттеу сұрағы нақты ,қысқа, маңызды сұрақ. Зерттеу сұрағы зерттеу үрдісінің барысында қай бағытта жұмыс істеу керек екенін білдіріп отырды. Оқушылардың білімін көтеруде қандай қиындықтар мен кедергілер бар екеніне бірлесе шешіп отырды. 6 «А» сыныбында «Жаңартылған әдіс-тәсілдер оқушылардың ынтасын қаншалықты арттырады?» және 7 сыныпта «Топтық жұмыстар оқушылардың үлгерімі мен қызығушылығын арттыруға қалай әсер етеді?» атты зерттеу сұрақтары белгіленді. Сабақты зерттеудің мақсаты – оқушылардың оқуы мен мұғалмдердің оқыту тәжірибесін жақсарту болды. Сабақтың зерттеу мақсатын анықтау, жұмыстың бас кезінде жүзеге асырылды. Мақсат зерттеудің негізі болды және білім беру мен бақылауды қамтамасыз етті. Зерттеу мақсаты нақты өлшенетін, қолжетімді, шынайы және нақты уақыты белгіленген болуы керек. Егер де нәтиже түсінікті, көзге көрінетін болса онда мақсат дұрыс анықталған. Сабақ өткізбей тұрып, ата-аналарға , оқушыларға «сабақты зерттеу» туралы және сыныпта мұғалім-бақылаушылар болатыны хабардар етілді. Сабақ өткізу кезінде топ мүшелерінің біреуі сабақ өткізсе, топтың келесі мүшелері бақылау жасап, оқушылардың білім деңгейін бағалап отырды.Сабақта падаланылан ресурстар сынып оқушыларының мүмкіндіктеріне сәйкес дайындалды. Сабақ кезінде әртүрлі жұмыстар жүргізілді. Топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері сыныптың бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамытты. Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау кезінде сынып оқушылары басқлардың жауабын тыңдай білді және жағымды түрде өз ұсыныстарын айта білуді үйренді. Бақылаушы топ мүшелері оқушылардың сабаққа қатысу барысында болып жатқан өзгерістерге және оқытуда қолданылған әдістер қалай ықпал жатқанын ерекше бақылап отырды. Бақылаушылар оқушылардың сабақтың әртүрлі кезеңіндегі жауаптарын белгілеп отырып, осы кезеңде жоспарланған нәтижеге сәйкестігін немесе оқушының бір нәрсені түсінбегін жерін бақылау парағына белгілеп отырды. Жоспарланған нәтижемен салысытра отырып, оқушылардың ілгерілеуінің дәлелдерін анықтап, олардан күтілетін нәтижеге қаншалықты жеткенін белгіленді.
Алғашқы тәжірибе айында әр топ бір-бір зерттеу ретінде лас сабақтар өткізді. Ұзақ мерзімді тәжірибе кезінде 7 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Көшпенділік», 7 «Ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Киелі киіз үй» мақсатында топтық жұмыстар арқылы үлгермеуші оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау мақсатында сабақтар жүргізілді. 6 «А» сыныбында «Масштаб» тақырыбы бойынша жаңартылған әдіс – тәсілдер арқылы үлгермеуші оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау мақсатында сабақ жүргізілді.
Зерттеу сабағынан соң дәлелдемелер топтың бірлескен отырысында талқыланды. Сабақты зертетуді ( Lesson study) өткізу бойынша дәлелдер, фотосурет, жазбаша материалдар түрінде жинақталды. Негізгі дәлелдемелер ретінде сабақ жоспарлары және бақылау формалары қолданылды. Әр сабақтан соң оқушылардың не үйренгенін немесе қандай әдіс қызықты пайдалырақ болғаны туралы оқушылардан сауалнама алынды. Сабақты талдау мүмкіндігінше сабақ болған күні, топ мүшелері қатысу жағдайы қаралды. Сабақты талдаукезінде бірнеше сұрақтарға назар аударылды.
- Сабақ мақсатына оқушылар қалай жетті ?
- Қай әдіс сабақты жақсартуға әсер етті ?
- Зерттеу сабағын жүргізу барысында қандай тәжірибе жинақтадық?
Бірінші зерттеу сабағы және талдау отырысы өткен соң жаңа отырыстың күні белгіленіп, өткізлетін сабақтар белгіленіп, сабақ беретін мұғалімдер анықталды.
Қорытынды жасау барысында зерттеу топтары өздерінің бақылауларын және сабаққа арналған кері байланыстарын ұсынып, алдағы сабақтағы кемішіліктерді ескере отырып , сабақты топтар ішінде жоспарлауды өзгерту керектігін ескере отырып, сабақты кім өткізетінін айтты. Зерттеу нәтижелері құжаттармен толықтыра отырып, педагогикалық кеңесте әдістемелік құралдар ретінде жинақтап, постер арқылы толықтырулар жоспарланды.Сабақты зерттеу барысында мұғалімдердің зерттеушілік дағдылары дамып, қалыптасқан деректерді жинақтап, талдап және қайта қарау дағдыларын әріптестер арасында тұлғалық қарым -қатынастар мектептегі оқыту тәжірибесін түрлендіріп, оқу ортасын жақсартуға оң ықпал тигізді.
Ұстаздардың жаңашыл бастамаларын қолдап, жаңашыл педагогтардың ғылыми әдістемелік белсенділігін ынталандырып , өзара тәжірибе алмасу мақсатында « Үздік ашық сабақ», «Үздік тәрбие сағаты» әртүрлі тәрбиелік іс-шара тақырыптарында байқаулар өтті. Ұстаздардың жаңашылдыққа бет бұрғаны, ізденгені байқалады.
Бауыржан Момышұлы «тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» дегендей «Құндылыққа бағытталған тәрбие» бағыты бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жүргізілген жұмыстар мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың қызығушылығын туғызды.Оқуға құүштар мектеп жобасы бойынша оқушыларға апта сайын жаңа кітаптар ұсынылып отырды. Апта соңында « Үздік оқырман» байқауын өткізіп, қорытындысы шығарылып отырды. Жыл бойы осы тақырыпта әдеби кеш, ақпараттық сағаттар, акциялар, атаулы күндер, конференциялар, буктрейлер, әдеби подиумдар өткізіліп отырды.
Қорыта айтқанда , «мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» курсының бетпе-бет және тәжірибе кезінде мектепті басқару бойынша сабақты зерттеудің ( LS) және іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу барысында мектепті дамытудың жаңа әдістерін үйрендім. Сонымен қатар ұжым мүшелеріне топта жұмыс жасауды, бірін-бірі тыңдау,тәжірибе алмасу бағытында жұмыстарды жетілдірдік.
Дәлелдер | Дәлелдерге сипаттама |
Тәжірибеде инновациялық идеяларды жүзеге асыру дәлелдемелері | |
| Қазақ тілі сабағының қысқа мерзімді жоспары Сыныбы: 7 Пәні: Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Көшпенділік Пән мұғалімі: Барменкулова Ш.Б ![]() Қазақ тілі сабағының қысқа мерзімді жоспары Сыныбы: 7 Пәні: Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Киіз үй Пән мұғалімі: Шопаева Н.Ж Математика сабағының қысқа мерзімді жоспары Сыныбы: 6 Пәні: Математика Сабақтың тақырыбы: Масштаб Пән мұғалімі: Алтыбаев А.Қ Математика сабағының қысқа мерзімді жоспары Сыныбы: 6 Пәні: Математика Сабақтың тақырыбы: Бүтін сандар.Рационал сандар Пән мұғалімі: Алтыбаев А.Қ Математика сабағының қысқа мерзімді жоспары Сыныбы: 6 Пәні: Математика Сабақтың тақырыбы:Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу Пән мұғалімі: Маратова З.К |
«Lesson Study дегеніміз не?» |