Мектеп директорының жылдық есебі
1. Мен басшылық етіп отырған мектептің негізі 1958 жылы сегізжылдық мектеп болып қаланған. 1991 жылдан орта мектеп болып қайта құрылды. 2015жылы жаңа мектепке көшірілді.Қазіргі таңда мектеп қaбырғасында 248 oқушы білім алуда. Оның ішінде 116қыз бала, 117 ұл бaла. Мектепте 1-11 сыныптар аралығында 16, 1 (мекталды) сынып комплектісі бар.Оқыту тек бір тілде , мемлекеттік тіл – қазақ тілінде жүргізіледі.2020-2021 оқу жылында 11-сыныпта 9 оқушы білім алып,1-оқушы «Үздік атестатқа » үміткер . 9-шы сыныпты 19 оқушы білім алып, негізгі орта білім туралы аттестат алады, 1-оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. Мектепте 18 оқу кaбинетi бар, 1- мультимедия кабинеті, өткен оқу жылында 3-кабинетке және акт залына мультимедиялық қондырғы орнатылды. Өткен оқу жылында робототехника жабдықтары келді, толық емес. Мектеп оқушылары 22 компьютермен қамтылған, осы оқу жылында 10 моноблок, 5планшет, 55 ноотбуг және аудандық кәсіподақ комитетінен 1- ноотбуг кәсіподақ ұйымына берілді. 2,3 балаға 1компьютерден келеді, Әр педагогқа бір компьютерден келеді.
Мектепте сaбақ екі аyысымдa өтедi. Мектеп қызметкерлерінің жалпы саны-62, оның 35-педагог қызметкерлер, 3-педогог декреттік демалыста, 26- кіші қызметкерлер(3қызметкер маусымдық жұмыс атқарады. Кадр жетіспеушілігіне байланысты 1 мұғалім қосалқы атқару бойынша орыс тілі пәнінен, 1- зейнеткер (математика) ұзартылған енбек шарты бойынша жұмыс атқарады. Сонымен қатар химия пәнінен магистр дәрежесі бар жас маман жұмысқа қабылданды . Орыс тілі, математика пәндеріне мамандар тапшы. АББ-не сұраныс берілген.
2. Оқу жылының басында қызметкерлермен бір жылдық енбек шарты жасалынып, таныстырылды. Мектепте еңбек қатынастарын реттеу ұжымдық –әріптестік келісім шарт мазмұнымен таныстырылып , хаттама толтырылды.
Оқу жоспарымен көзделген сағаттар санына сәйкес мұғалімдердің оқу жүктемесі тарифтик кестеге сай бөлінеді. Мектепке 553 сағат бөлінген, барлық мұғалімге шаққанда 18 сағаттан бөлініп тұр. Мектепте оқу пәндері бойынша 4-бірлестік, тәрбие саласы бойынша 2-бірлестік жұмыс атқарады. Мектепте 26-кіші қызметкер жұмыс атқарады,оның 3-і маусымдық жұмыс атқарады. Былтырғы оқу жылында білім сапасы 70% көрсетсе, биылғы оқу жылында І-тоқсанда 62,2%, ІІ-тоқсанда 69,1% , ІІІ-тоқсанда 70,1% білім сапасын көрсетті .. Сағат жүктемелері төмендегідей бөлінді
9-14сағат 4 мұғалім
18-19 сағат 23 мұғалім
20- жоғары 8мұғалім
1–директор, завуч-2, психолог-1, әлеуметтік педагог-1, тәлімгер-1, АӘПЖ-1, худ.рук- 0,5 ;
3. Қызметкерлердің кәсіби даярлығы, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру жоспарлы жүргізіледі. Ұжымда 5-мұғалім, екі әкімшілік қызметкері деңгейлік оқу бағдарламасын бітірген, 2-мұғалім үштілді деңгейлік курсты бітірді. Жанартылған білім мазмұны бойынша 4- мұғалім курстан өтпеген, қалған 32-педагогтар өз білімдерін көтерді .Екі мұғалім декреттік демалыстан шықты,2-мұғалім жас маман. Мектеп тренерлері, шығармашыл ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестерінің кәсіби өсуіне көмек беруде. Әр сенбі және каникул күндері ұстаздардың шығармашылықпен жүмыс істейтін күні. Сенбі күні жоспарға сай коучинг, семинар практикум өткізіліп, педагогтар өз тәжірибелерімен алмасып, кәсіби деңгейлерін арттырады. Мектепте қызметкерлердің аттестаттау тәртібі сақталады. Педагог қызметкерлер жаңа форматта аттестаттаудан өтіп, біліктілік санатын дәлелдеді. 2-зерттеуші, 7-сарапшы, 4-мадератор, жана оқу жылында 3-сарапшы, 1-зерттеуші біліктілік санаттарын дәлелдеді.
4.Оқу жылының басында мектепте бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен келісе отырып мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ кестесі, ауысым кестесі, еңбек шартымен, лауазымдық нұсқаулықтары және мекеме Жарғысымен жүктелген міндеттемелер таныстырылып бекітілді. Мектеп ішіндегі кезекшілік кестесі де бекітілген, қадағаланып отырады. Мектеп ғимаратында 11 бейне бақылау орнатылған,асханаға пищеблокка -1, мектепке 2-этажға тағы 2-бейнебақылауға сұраныс берілді. Мектепте бірінші және екінші қабатта ішкі дәркетханалар жұмыс істейді. Мектеп санитарлық нормаларға сай жұмыс атқаруда, маскалық режим сақталған. Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі №345 бұйрығына қосымша әдістемелік ұсынымдарын басшылыққа алып, жұмыс атқарылуда. Білімгерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.
5. Қызметкерлердің еңбек ақысы ай сайын кешіктірілмей лауазымдық жалақыға және сәйкестендірген санаттары үшін белгіленген разряд бойынша төленеді. Туындаған сұрақтар мектеп есепшісімен түсіндіріледі.
6. Қызметшілер мен педагогтарға лауазымдық міндетін жауапкешілікпен атқарғаны, шығармашылық белсенділігі үшін алғыс жариялау , мақтау қағазымен марапаттау үшін АББ-не ұсыныс беріледі.
7. Мектепте оқу жылының басында кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірленіп, бекітілді.Қызметкерлермен таныстырылып, инструктаждық журналдар жүргізіледі. Еңбекті қорғау жөніндегі комиссия құрылып, жұмыс атқарады. Жылына бір рет тегін дәрігерлік тексеруден 100% өтеді. Мектепте барлығы 57 қызметкер жұмыс атқарады. Вакцина алған қызметкерлер саны-57. 35-педагогтар, оның 28-і вакцина алды, 7-педагог себепті, оның 3 методвод, 4-жүкті; 22-кіші қызметкерлер, 20-вакцина алды, 2-і методвод.
8.Мектепте барлық санитарлық нормалар сақталады, маскалық режимде жұмыс атқарылудауда.