«Заманауи жас маман-2022» аудандық байқау » СШ№28 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№28 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Заманауи жас маман-2022» аудандық байқау
06
май
2022

«Заманауи жас маман-2022» аудандық байқау

«Заманауи жас маман-2022» жеңімпаздарын құттықтаймыз!
2022 жылдың 5 мамыр күні жас мұғалімдердің шығармашылықтарын, жұмыс істеу қабілеттерін анықтау, кәсіби мәртебесін көтеру және қолдау мақсатында өткізілген аудандық «Заманауи жас маман-2022» байқауы өткізілді. Байқау 3 кезеңнен тұрды: 1. Пән бойынша тест жұмысын орындау; 2. «Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі» тақырыбында эссе жазу; 3. Белгілі бір тақырыпта әдіс-тәсілдердің озық үлгілерін пайдалана отырып, панорамалық сабақ көрсету.
Мектебімізден педагогикалық еңбек өтілі 1-3 жылды құрайтын 3 жас маман қатысып, аталған кезеңдер бойынша жоғары ұпай жинап, жүлделі орындарға ие болды. Олар: химия пәні мұғалімі - Сматай Мөлдір Ержанқызы ІІ - орын, математика пәні мұғалімі - Алтыбаев Арслан Қадырбекұлы ІІ-орын, орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі - Айтбаева Айман Жұманқызы ІІІ-орын иеленді.
Мектебіміздің жас мамандарын жүлделі орындарымен құттықтап, алдағы жұмыстарына шығармашылық табыс тілейміз!