Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңестің кезектен тыс отырысының өткендігі туралы
Анықтама
Т.Рысқұов ауылы 05.08.2022 жыл
2022 жылдың 24 тамызында №28 жалпы орта білім беретін мектебінде қамқоршылық кеңестің мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқы бар отбасылардан сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы төмен ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес түрлі санаттағы анықталған мектеп білім алушыларына қаржылық көмек көрсету мәселесі бойынша кезектен тыс отырыс өтті.
Отырысты кеңес төрайымы ашып беріп, кеңес хатшысы қатысушыларды отырыстың күн тәртібімен таныстырды. Отырыста қаржылық ( материалдық) көмек алуға өтініштер тіркеу журналына сәйкес хронологиялық тәртіппен тіркелген 26 білім алушыға 9(тоғыз) ата-анадан түскен өтініштер қаралды. Өз кезегінде отырыста сөз алған мектептің әлеуметтік қызмет мамандары тізімге 12 білім алушы – отбасына мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысы тағайындалуына байланысты енген болса, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1 білім алушы, 13- білім алушы отбасы тұрмыс жағдайы төмен, әлеуметтік көмекке мұхтаж аз қамтылған отбасы болып тағайындалуына байланысты енгені туралы айтты. Отбасылар берілген өтініштер негізінде 2022 жылдың шілде, тамыз айларында Т.Рысқұлов ауылдық округ және әлеуметтік педагог, қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірлесе отырып тіркелгенін, тексеріс нәтижелері бойынша тиісті актілер толтырылғанын баяндап берді. Қамқоршылық кеңес тиісті мамандардың мәліметін тыңдап, талқылай отырып тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен 26 (жиырма алты) білім алушы жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржылық көмекпен қамтылсын деген шешім қабылдады.