Қазақстан Республикасының Президенті- Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы туралы
Рысқұлов ауылының №28 жалпы білім беретін мектебі КММ
Кезектен тыс ата-аналардың қатысуымен жиналыс
ХАТТАМА
Күні: 22.11. 2018 жылы
Қатысқанның барлығы: 69 адам
Оның ішінде: 31 педагог
68 ата-ана
Күн тәртібінде:
1.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша сөз алған мектеп директоры:
Сулейманкулова Куляйым Көшербайқызы былай деді: «Нұрсұлтан Әбішұлының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы біздің тарихымызды зерттеуге, бай мұрамызды насихаттауға бағытталған. Мақала арқылы бүкіл әлемге Қазақстанның қандай екенін көрсету жолдарын қарастырады. Оқыған адамның санасына патриотизм сәулесі сіңіп, ерекше рухтанады екен. Неліктен біз тарихымызды айта беруге жалықпауымыз керек? Себебі, бұрындары бұл жағы кемшін болды. Көбіміз білмедік, білгендеріміз айта алмадық. Енді, тарихи бастауымыздың көзі ашылған тұста біздің зерттеушілеріміз, тарихшыларымыз, сондай-ақ әрқайсымыз аянып қалмауымыз керек. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атқа міну мәдениетінеде ерекше тоқталып өтті. Өйткені жылқы мен адам арасындағы қарым-қатынастың тарихы Қазақстан аумағының теріскейіндегі жазық даласында басталып, адамзаттың тағдырын түбегейлі өзгертті».
Сөз алғандар:
Омарова Тамарахан Тұрарбекқызы– директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Бүгін еліміздің басты басылымдарында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы жарияланды. Ұлы даланың жеті қыры атты маңызды еңбек Рухани жаңғыру бағдарламасының жалғасы іспетті. Мақалада еліміздің бай тарихын бүгінгі күнге ұштастырудың жолдары мен қағидаттары жан-жақты сараланған. Ел тарихының айшықты қырлары мен оны түгендеп, терең зерделеуді қажет ететін тұстары жайлы мемлекет басшысының ой-толғаулары жазылған. Президент мақаласы негізгі екі бөліктен тұрады. Алғашқысында Назарбаев "Ұлы даланың жеті қырына" тоқталған. Онда атқа міну мәдениеті қазақ жерінен тарағанынан бастап, ұлы даладағы ежелгі металлургия, алтын адам ескерткіші, түркі әлемінің бесігі, ұлы жібек жолы және алма мен қызғалдақтың шығу тегі жайлы жазылған. Бұл Қазақстанның әлемдік мәдениет пен өркениет және тарихындағы орнын айшықтайтын материалдық һәм рухани мұраларымыз.Тарихи сананы жаңғырту атты екінші тарауында Нұрсұлтан Назарбаев осы мол мұрамызды сақтап және әрі қарай терең зерделеу үшін аса қажетті ірі жобалардың бастау алатындығы жайлы жазған».
Сатемирова Асхан математика пәнінің мұғалімі: «Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да осы мәселелергетағы бір қозғау салды. Ал, бүгінгі мақаланы Елбасының ұлттық тарих жөніндегі тақырыптық туындысы деп қарастыруға болмайды. «Ұлы даланың жеті қыры» — ұлтты жаңа ойларға жетелейтін кезекті бағдарламалық мақала. Мұның алдындағы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала қазақ қоғамының күн тәртібін анықтауға мүмкіндік берсе, бүгінгі мақала да ұлттық сана-сезімнің қалыптасуындағы жаңа үдеріс».
Билібаева Нұрсауле география пәнінің мұғалімі: «"Руxани жаңғырудың” жалғасы іспетті тағылымды мақалада ұлт тариxының бастаулары, Ұлы Дала өркениеті, түркі әлемінің генезисі, түркілердің адамзат тариxына қосқан сүбелі үлесі сияқты маңызды тақырыптармен бірге оларды жүзеге асырудың да нақты жолдары көрсетілген. Терең тариxымызды түгендеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық мақаланың түгел түркі мен Ұлы даладан бастау алатын тамырлас жұрттардың да ортақ игілігіне айналары сөзсіз».
Малимбаева Қанаткүл ата-аналар ұымының төрайымы: «Елбасымыз жалпы ел тарихы мәселесіне көп көңіл бөлетінін атап өткен жөн. Бүгінгі «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала осыған дәлел! Президенттің мақаласында біз қазақ тарихын тереңірек оқып білетін боламыз. »
Қабылданған шешімдер:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> Қазақстан Республикасының Президенті- Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын бірауыздан қолдаймыз.
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> Жаһандық көштің басында жүретін мерейлі ел болу үшін сапалы білім, саналы тәрбие бере отырып, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруға ат салысамыз.
Педагогикалық кеңес төрағасы: К.К. Сулейманкулова
Хатшысы: Н.Шопаева
№ 28 жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
Қазақстан Республикасының Президенті- Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау барысында өткізілген іс – шаралар туралы
Хабарлама
22 қараша күні Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын мектеп директоры Сулейманкулова Куляйым Көшербайқызы мектеп ұжымы арасында ата-аналардың қатысуымен кезектең тыс жиналысын өткізіп осы мақала талқыланды. 22 қараша күні оқушыларға жиын жасалып мақала туралы таныстырылды. Сонымен қатар оқушыларға саяси хабаларда және тәрбие сағаттарында сынып жетекшілер мақала туралы тағы да ақпарат беретіндігі айтылды. Мақаланы талқылауға 31 мұғалім және 38 ата-ана қатысты.