Мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру туралы » СШ№28 им. Т.Рыскулова
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№28 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру туралы
26
сентябрь
2022

Мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру туралы

2022-2023 оқу жылындағы мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру туралы. АНЫҚТАМА. Мақсаты : Аз камтылған отбасы балаларына мемлекет тарапынан тегiн ыстық тамақпен қамтамасыз ету . Мектеп асханасында ыстық тамақпен қамту жұмыстары ұйымдастырылып , асхана жұмысын бақылау жауапкершілігі жүктелген мектеп кызметкері бұйрықпен тағайындалды . "Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан , сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын , жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға , ата - анасының қамқорлығынсыз қалып , отбасыларда тұратын балаларға , төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететін отбасылардан шыққан  балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражатты қалыптастыру , жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2008 жылғы 25 каңтардағы № 64 қаулысын негізге ала отырып , 9 отбасынан 23 бiлiм алушылардың құжаттары жинақталып , ата аналарынан өтiнiштерi алынды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министiрлiгiнiң 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес «Жалпы бiлiм беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердiң жекелеген санаттарына тегiн және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік  қызметі көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мектебімізде осы айтылган дәйектерді басшылыққа ала отырып , 2022-2023 оқу жылының басында оқушыларға сапалы теңгерiмдi ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылып , қазiргi таңда атаулы әлеуметтік көмек алатын 9 отбасындағы 23 білім алушы мектеп асханасынан бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып отыр.