Білім күні » СШ№28 им. Т.Рыскулова
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№28 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
01
сентябрь
2022

Білім күні

№ 28 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 қыркүйек - Білім күніне орай «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында 2022-2023 жаңа оқу жылының 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»атты салтанатты жиыны өткізілді. Мектеп директоры: Ахметжанов Айдын Еркінұлы мектеп ұжымын, ата-аналарды, 1 сынып бүлдіршіндерін Білім күні мерекесіне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты салтанатты жиында құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Шағатаева орта білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдер айқындау туралы бұйрығымен таныстырып өтті.
  Салтанатты жиынға аудандық білім беру бөлімінің  Аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Усина, Меркі аудандық маслихат депутаты және  мектептің қамқоршылық кеңес төрайымы Қ.Малимбаева , 1 сынып оқушыларын Білім күні мерекесімен құттықтады. 
Мектебіміздің өнерлі оқушылары «Алғашқы қоңырау», «Мектебім» атты әндерін тамылжыта орындады. Қоңырау соғу рәсімі мектебіміздің 11-сынып түлегі Акимхан Саясат,  1сынып білім алушылары Өрнек Малика мен Ерланұлы Нұрисламға берілді.
Сонымен қатар -11 сыныптарында «Терең білім, еңбекқорлық және 
отаншылдық қасиет» тақырыбында 1 бірыңғай сынып сағаты өткізілді.