ТALIS 2024 халықаралық зерттеуі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің хабарлауынша, TALIS-2024 сабақ беру және оқытудың зерттеу жұмысы 2023 жылдың ақпан-наурыз айларында өтпек. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты мұғалімдердің еңбек жағдайларын және мектептердегі білім беру ортасын бағалау. Бұл зерттеуге Қазақстанның республикалық маңызы бар 3 қаласы мен 5 шағын өңірінен 800 мұғалім, 42 мектеп директоры қатысқалы отыр.
Бұл мұғалімдердің еңбек жағдайы мен мектептердегі білім беру ортасын бағалайтын жалғыз ауқымды халықаралық зерттеу болып табылады екен. Ондағы жинақталған мәліметтер педагог кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру, мұғалімдерді ынталандыру. Сонымен қатар оқу бағдарламаларын әзірлеуде пайдаланылатын болады деп көрсетілген.
Халықаралық беделді ұйым саналатын ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) алты жыл сайын мұғалімдер мен мектеп директорлары арасында сауалнама арқылы зерттеу жүргізіп тұрады. Бұл талдаудың маңызы неде? Педагогтардың білімін арттыру, педагогикалық корпустың сапасын табу үшін ең алдымен оның осал тұсын анықтау дәлелдеуді қажет етпейді. Осы талдау ашық жүргізіле отырып, мектептердегі негізгі ортақ проблемалар, артық кеткен, кем соққан тұстары алдын ала зерттеледі. Осының арқасында мұғалімдердің еңбек жағдайы мен мектептердегі білім беру ортасына тәуелсіз бағалауға мүмкіндік туады.
Бұл зерттеу осымен екінші мәрте кешенді түрде жүргізілмек. Алғаш рет педагог мәртебесі туралы заң шығару мәселесі көтеріле бастаған 2018 жылы өткізілген Ол кезде де Қазақстанның барлық аймағынан 6 жарым мың мұғалім мен 331 мектеп директоры қатысып, халықаралық деңгейде өз пікірлерін білдірген. Осы щерттеу кезінде алынған деректер мен статистика негізінде жаңа заң әзірленді. Сондай-ақ зерттеу қорытындылары Білім және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да ескерілген.Ақпанның 12-сі мен наурыздың 20-сы аралығында 50-ден астам елдің қатысуымен TALIS-2024 төртінші циклі өтеді.
Оған 378 қазақстандық мектептің 8000-ға жуық мұғалімдері мен директорлары қатысқалы отыр.
«Бұл циклдің ерекшелігі білім беру жүйесінің қазіргі мәселелері туралы жаңа сұрақтардың қосылуы: әртүрлілік пен теңдік, оқушылардың әлеуметтік және эмоционалдық оқуы, білім беру мақсатында технологияларды пайдалану және қоршаған орта мен тұрақты даму бойынша білім беру. Зерттеуге Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының, Республикалық білім мазмұнын сараптау ғылыми-практикалық орталығының, «Өрлеу» БАҰО сарапшылары және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушылары бірлесіп әзірлеген ұлттық мәселелер енгізіліпті.
TALIS-2024 бойынша қазақстандық педагогтердің нәтижелерінің егжей-тегжейлі талдаулары қамтылған ұлттық есеп 2026 жылы жарияланады. Нәтижелер республиканың сегіз макроөңірі бойынша ұсынылады. Біздің облыстан 15 мектеп, ауданымыздан 2 мектеп TALIS-2024 халықаралық зерттеуіне қатысқалы отыр. Преподаватели тізімдемесі кездейсоқ іріктелу тәртібімен анықталады екен.


