ДОТІЖО Шағатаева Айнаш Тажиханқызы

Шағатаева Айнаш Тажиханқызы 1968 жылы 8 қазанда Жамбылская область, Сарысу ауданы Калинин совхозында дүниеге келген. 1975 жылы Сарысу ауданындағы Ленин атындағы орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 1983 жылы аталған мектептің 8-сыныбын аяқтап, 1983 жылы Жамбылдың Абай атындағы педагогикалық училищесінің « Мектепке дейінгі тәрбие бөлімі» «Тәрбиеші» мамандығына оқуға түсіп, 1987 жылы оқу орнын аяқтады. Сол жылы №28 орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасты. 1999 жылы И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік педагогикалық университетіне түсіп, «Бастауыш білім беру педагогикасы және методикасы» мамандығы бойынша 2003 жылы аяқтады. Аталған мектепте 1987 жылдан 2003 жылға дейін бастауыш сынып мұғалімі, 2003-2009 жылдарда мектеп психологы болып және 2003-2021 жылдар аралығында қосымша кәсіподақ төрайымы болып жұмыс атқарды. 2022 жылдан бастап мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.