"Бала құқығы- адам құқығы" республикалық онкүндігі туралы хабарлама » СШ№28 им. Т.Рыскулова
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№28 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » "Бала құқығы- адам құқығы" республикалық онкүндігі туралы хабарлама
22
November
2018

"Бала құқығы- адам құқығы" республикалық онкүндігі туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 19- 30 қараша аралығында республика көлемінде «Бала-құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік басталды.

   Онкүндіктің мақсаты – білім алушылардың  құқықтық мәдениетін, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1989 жылғы 20 қарашада қабылданған Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвециясын негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру.

   Меркі ауданы Рсықұлов Т. ауылының № 28  ЖББМ онкүндік барысында 1-10 сыныптарында «Өз құқығыңды білесің бе?», «Бала құқығы», «Құқықтық сауаттылық - заман талабы» атты тәрбие сағаттары, 8 сыныпта «Менің құқығым және міндетім» атты диспут, 5-7 сыныптар арасында «Мен бала құқығын қорғау Конвенциясы туралы не білемін?», 9-10 сыныптар арасында «Мен және менің құқығым» пікірталастар, 5-6 сыныптар арасында «Құқық туралы» дөңгелек үстел, 3-8 сынып оқушылары арасында «Өз құқығыңды білесің бе?» сауалнама  өткізілді.