№28 ЖОББМ бос лауазымдарына педагог тағайындау
Отырысты комиссия төрағасы А.Т.Шагатаева алғы сөзбен ашып, қатысушыларды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Алғашқы мәселе бойынша комиссия төрағасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21-ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 3-тарау, 1-параграф 141 тармағының 1-тармақшасына сәйкес мектептің интернет ресурсында және әлеуметтік желілерінің аккаунттарында 2024 жылдың 9-қыркүйек күні бос тұрақты 1 бірлік мектеп психологі лауазымына, 0,5 бірлік ағылшын тілі пәнінің бос тұрақты мұғаліміне конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғанын, 2024 жылдың 11-қыркүйек күндері 1 үміткер тұрақты мектеп психологі лауазымына, 1 үміткер тұрақты, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі бос лауазымына аталған бұйрықтың 154-тармағына сәйкес конкурсқа түсуге ниет білдіріп, құжат тапсырғанын айтты.
Комиссия төрағасы мен мүшелері үміткер құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес бағалау парағында көрсетілген баллдарды есептеуді жүзеге асырды. Нәтижесінде мектеп психологі лауазымына үміткер Құрман Аяулым Ержанқызы 11 (он бір) балл, екінші үміткер ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Наурызбай Гауһар Дүйсенбекқызы 9 (тоғыз) балл алғаны анықталды.
Шешімі:
- Екі үміткер арасында Құрман Аяулым Ержанқызы мектеп психологі лауазымына тағайындауға мектеп директоры А.Е.Ахметжановқа ұсыныс берілсін.
- Наурызбай Гауһар Дүйсенбекқызы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лауазымына тағайындауға мектеп директоры А.Е.Ахметжановқа ұсыныс берілсін.
- Конкурс өткізу туралы комиссия отырысының шешімі №28 ЖОББМ сайтына және әлеуметтік парақшаларына жариялансын.
- Ұсынылған кандидаттар мектеп әкімшілігі тарапынан мектепішілік бақылауға алынсын.