UNT - ның 2021 жылғы жаңа форматы » СШ№28 им. Т.Рыскулова
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№28 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » UNT - ның 2021 жылғы жаңа форматы
29
January
2021

UNT - ның 2021 жылғы жаңа форматы

2021 жылдың наурыз айынан бастап қазақстандық мектеп бітірушілер мамандандырылған орталықтарда компьютер арқылы ұлттық бірыңғай тест тапсырады. Оқушылардың бір емес, екі мүмкіндігі бар. Тағы қандай жаңашылдықтар болатынын Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз


НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Sputnik Қазақстан тілшісіне ұлттық бірыңғай тестілеуді электронды форматқа көшіру туралы айтып берді.

UNT үш айға созылады
Смағұлов "электронды формат" түлектер UNT-ны онлайн тапсырады деген сөз емес екенін айтты. Оқушылар мамандандырылыған тестілеу орталықтарындағы компьютерлерді пайдаланады.

"Егер бұған дейін әрбір оқушыға тест тапсырмалары бар кітапша берілсе, енді дербес компьютер ұсынылады. Енді UNT тапсыру белгілі бір күнге ғана белгіленбейді. Өткен жылдары оқушылар емтихан тапсыратын 10 күнді елеңдеп күтсе, енді UNT тапсыру үш айға созылады. Өзі қалаған кез келген уақытта мектеп бітіруші түлек тест тапсыра алады", - деді Смағұлов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында .

Екі мүмкіндік болады
Жаңа ереже бойынша, мектеп оқушылары UNT-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижені грант иелену үшін конкурсқа жолдай алады.

UNT-ны бір рет тапсыру тегін болады. Қазір екінші рет тапсыруды да ақысыз ету мәселесі қарастырылып жатыр. Екінші UNT ақшалай негізде болған күннің өзінде оның сомасы 2 242 теңгеден (5,3 доллар) аспайды.

Тестілеу орталығының басшысы UNT-ның электронды форматы жаңа заман талабы екенін айтты. Біріншіден, мектеп оқушылары тест күнін күтіп, күйзеліске ұшыраMayды. Екіншіден, тестті екінші рет тапсыру мүмкіндігі жүйкеге түсетін салмақты азайтады.

Пандемия кезіндегі UNT
UNT-ның ескі форматы үшін ел бюджетінен 1 миллиард теңге (2,4 миллион доллар) қарастырылса, электронды форматтағы тестілеу шығыны шамамен 400 миллион теңге (952 мың доллар) көлемінде болады.

"2019 жылдан бастап мұғалімдер барлық тестті компьютерде тапсырды, 2020 жылы магистранттарға арналған кешенді тестілеуді осы форматқа көшірдік. Ендігі кезек оқушыларда", - деп нақтылады Смағұлов.
UNT тапсыру үшін Қазақстанның барлық өңірінде 56 тестілеу орталығы ашылады. Олар наурыздан қыркүйек айына дейін жалға алынады. Тестілеу орталықтарында бүкіл республика бойынша 6 000 түлек екі лекпен емтихан тапсырады: біріншісі – 10:00-ден 14:00-ге дейін, екіншісі – 15:00-ден 19:00-ге дейін.

"Informationтық қауіпсіздік бойынша көп шара қабылданды. Ешкімнің жүйеге сырттан қосылу мүмкіндігі болMayды. Орта есеппен залда 50 адам UNT тапсырады. Бұл пандемия кезінде аса маңызды, адамдардың көптеп шоғырлануына жол берілмейді", - деді Ұлттық орталық басшысы.

UNT тапсыруға қанша уақыт беріледі
Осы жылы UNT тапсыратындар үшін тестілеу уақыты да әртүрлі: жаратылыстану-математика бағыты бойынша емтихан тапсыратындарға 240 минут (4 сағат) бөлінсе, гуманитарлық бағыттағы мамандық таңдағандардың тест уақыты 225 минут (3 сағат 45 минут) болады.

Компьютерлік тест тапсыру кезінде оқушыларға екі рет үзіліс беріледі. UNT басталған соң бір сағаттан кейін көзді тынықтыру үшін екі минут, екі сағаттан кейін 15 минут берілмек. Осы уақытта түлектер әжетханаға шығып, демала алады.

UNT кезіндегі IT-қауіпсіздік
UNT тапсыруға арналған өңірлік орталықтармен байланыс жабық VPN-арнасы арқылы жүргізіледі. Бұл арнаға сырттан қосылу мүмкін емес.

"UNT-ны тек нақты компьютерден ғана тапсыруға болады. Логин және құпиясөз арқылы басқа адам тапсыра алMayды. Компьютерлерде USB және флэш-карталарға арналған саңылау болMayды. Сондай-ақ, әрбір оқушының іс-әрекетін бақылауға мүмкіндік беретін камера орнатылады", - деп ақпараттық қауіпсіздік мәселесі жайлы айтып берді тестілеу орталығының басшысы.

Айта кету керек, тест тапсырушылар Face-ID арқылы сәйкестендіруден өтеді. Сондай-ақ, тыйым салынған заттарды (сMarchфон, шпаргалка) анықтау бойынша қазақстандық прокторинг жүйесі қолданылады. Тыйым салынған заттар анықталған жағдайда оқушы аудиториядан шығарылады және оның осы жылы тестті қайта тапсыру мүмкіндігі болMayды.

Апелляция
2019 жылдан бастап Ұлттық тестілеу орталығы UNT-ны электронды форматқа көшіру туралы мұғалімдер мен оқушылар арасында сауалнама жүргізген. Орталық басшысының айтуынша, қазақстандықтар бұл жаңалықты қуана қабылдады.

Жаңа форматтың негізгі жағымды тұсы, тест парақшасындағы жауаптарды кездейсоқ бояу болMayды. Компьютердегі тестіде оқушы өз жауаптарын өзгерте алады және бір пәннен келесісіне өту мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, тест нәтижесін кешке дейін күту қажеттілігі жоқ. Бұдан бөлек, оқушылар тест нәтижесін алған соң бірден апелляцияға өтініш бере алады.

Еске салсақ, осы сейсенбіде министрлер кабинетінің басшысы Асқар Мамин президенттің қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық бірыңғай тестілеу толық электронды форматқа көшетінін мәлімдеді