Schoolchildren » Страница 9 » СШ№28 им. Т.Рыскулова
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№28 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
Рейд
28
December
2023
Рейд
№ 28 жалпы орта білім беретін мектебінде  2023 жылдың желтоқсан айының 28-күні кестеге сәйкес балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында  балалардың қараусыз қадағалаусыз қалуының алдын  алу мақсатында кафе, тойханаларға түнгі рейд  жүргізілді.Сондай-ақ оқушылардың кешкі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүруін қадағалау. Жауапты:ДТІЖО Д.М.Асанова
"Robotek Grand Tournament" Республикалық турнирінің облыстық кезеңі
27
December
2023
"Robotek Grand Tournament" Республикалық турнирінің облыстық кезеңі
Робототехника, инженерия және бағдарламалау салаларында дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау мақсатында «Robotek Grand Tournament» – робототехникадан мектеп оқушылары арасындағы республикалық чемпионат өтті. 2023 жылдың 27 желтоқсан күні "Robotek Grand Tournament" Республикалық турнирінің облыстық кезеңінен 1-орын алған Меркі ауданы №28 ЖОББ мектебінің "Мергендер" командасы 11—сынып оқушысы Тоқтаназар Ерасыл мен 9- сынып оқушысы Абилқасым Ерназар  жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі:
Біртұтас тәрбие бағдарламасы
22
December
2023
Біртұтас тәрбие бағдарламасы
Біртұтас тәрбие бағдарламасы  16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай мектепішілік іс-шара жоспар аясында "Еркіндіктің дастаны- Астана" тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы
21
December
2023
Біртұтас тәрбие бағдарламасы
Біртұтас тәрбие бағдарламасы  "Тарихқа құрмет" жобасы аясында  «Жалынды ақын Махамбет» тақырыбында Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай 10- сынып оқушыларымен тәрбие  сағаты өткізілді. Махамбет ұлттық тұлға, оның батырлығын, ақындығын, күйшілігін, азаттық жолындағы күрескерлігін болашақ  ұрпақтың санасына сіңіру  басты міндеттің бірі.  Өткізілген сабақта оқушылар ер Махамбеттің жалынды жырларымен таныс болды.    Сынып жетекшісі: Н.Шопаева
Математика пәні бойынша Кенгуру республикалық ойын
20
December
2023
Математика пәні бойынша Кенгуру республикалық ойын
Математика пәні бойынша Кенгуру республикалық ойын конкурсында  мектебіміздің 13 оқушысы - І дәрежелі диплом,  4 оқушысы - ІІ дәрежелі диплом , 13 оқушысы  - ІІІ дәрежелі диплом иеленді.  Жетекшілер : Маратова З.К, Алтыбаев А.Қ
"Менің таңдауым-менің болашағым"
11
December
2023
"Менің таңдауым-менің болашағым"
Мамандық таңдау-әрбір жоғары сынып оқушыларының алдында тұрған маңызды қадамдардың бірі. "Менің таңдауым-менің болашағым" тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Жауапты: сынып жетекші Н.Шопаева Кәсіптік бағдар беруші Т.Т.Омарова.
"Best жас кәсіпкер" атты  бейнероликтер байқауы
11
December
2023
"Best жас кәсіпкер" атты бейнероликтер байқауы
Теңгенің қолданысқа енгеніне 30жыл толуына орай ұйымдастырылған аудандық "Best жас кәсіпкер" атты  бейнероликтер байқауына қатысып,жаңашыл идеясымен көзге түсіп,жасалған үздік жұмысы үшін #28 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып білім алушысы Тұтқышбай Сабина Бас жүлдемен марапатталды. Жетекшісі: Кәсіптік бағдар беруші Омарова Тамарахан Тұрарбекқызы. Құттықтаймыз .🥳 #Жас Ұлан # Жасұланжасқыран #jasnlanjaskyran.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы
07
December
2023
Біртұтас тәрбие бағдарламасы
Біртұтас тәрбие бағдарламасы   "Зиянды әдеттерден аулақ бол!" жобасы аясында "Денсаулық және дұрыс тамақтану мәдениеті" атты тақырыбында мектеп медбикесі А.Манапбаева денсаулық сағатын ұйымдастырды. Тамақтың пірі бар, қасиеті бар деп жатамыз. Үйде үлкен кісілер, ата-әжеміз дастарқан басына келіп отырMayынша, табаққа қол созбаймыз. Алдымен үлкен кісі бата беруі керек, сол кісі бірінші қол салып, дәм алғаннан кейін ғана біз тамақтана бастаймыз. Қазір бұл мәдениетімізді жоғалтып бара жатқандаймыз.