№28 жалпы орта білім беретін мектеп бейіндік пәндер бойынша атқарылған жұмысы » СШ№28 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№28 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №28 жалпы орта білім беретін мектеп бейіндік пәндер бойынша атқарылған жұмысы
18
октябрь
2024

№28 жалпы орта білім беретін мектеп бейіндік пәндер бойынша атқарылған жұмысы

Бейіндік пәндер бойынша 10 «А» сыныбында «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер шығару» бейіндік пәндер курсы өткізіледі. Курсты жүргізетін пәнінің мұғалімі Шалқарова Рысты жүргізеді. Курс аптасына 1рет жылына 34 сағат өткізіледі.

     «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер» қолданбалы курсының негізгі ерекшелігі биология ғылымының салалары бойынша модельдеу жұмыстары мен биологиялық есептерді шығаруда оқушылардың   білімдерін толықтыруға мүмкіндік береді. Жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауларына бағыт бере алады. Курс биология ғылымының жаңа жаңалықтарын білуге негізделген. Биология сабақтарында алған білімдерінің басқа жаратылыстану ғылым салалары арасындағы байланысты зерттеп, зерделейді. Курсты оқыту кезінде оқушылардың биология базалық білімінде алған білімдері кеңінен пайдаланылады.Курс  жалпыға міндетті  стандартқа сай  бағдарлама бойынша берілген модельдеу және биологиялық  есептерді шығарып шешуге бағытталған.  Осы курс аясында, 1.10.2024  

«Жасушалардың негізгі  компоненттерін микрофотографиялар  қолданып сипаттау»  тақырыбында   сабақ өткізілді. Сабақ барысында микрофотографияларды пайдаланып,ұсақ нысандарды қарап анықтауда микроскоп арқылы көрген өсімдік және жануар жасушалары құрылысы бойынша  бір-бірінен ерекшеленетінін ұғынды.