№28 жалпы орта білім беретін мектеп бейіндік пәндер бойынша атқарылған жұмыстары
№28 жалпы орта білім беретін мектеп бейіндік пәндер бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама
Бейіндік пәндер бойынша 11 «А» сыныбында «Тапсырмалар және жаттығулардағы химия», және «Мобилография» бейіндік пәндер курсы өткізіледі. 11 “А” сыныбындағы “ Тапсырмалар және жаттығулардағы химия ” курсын химия пәнінің мұғалімі Сматай Мөлдір Ержанқызы, «Мобилография» курсын информатика пәнінің мұғалімі Оразова Нургуль Муратхановна жүргізеді.
11 «А» сыныпта химия пәні аясында «Тапсырмалар және жаттығулардағы химия» курсы химия ғылымына оқушылардың қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, олимпиада тапсырмаларын орындауға бағытталған және оқушылардың теориялық алған білімдерін практикада пайдалана білу мақсатында аптасына 1 рет өткізіледі.
Мектептегі химиялық білім жаратылыстану ғылымдары білім жүйесінің басты құрам бөлігі болып табылады. Өкінішке орай, мектептегі химия курсын оқытуда есептер шығаруға тиісті деңгейде сағаттар бөлінбеген. Жалпы алғанда, есептерді шығарудың өзіндік реті, шығару әдістемесі болады. Сондықтан да есептерді шығаруды меңгерту арқылы, қиындық деңгейлері күрделі типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру қажет. Сол себепті жаратылыстану – математикалық бағыттағы 11 сыныптың оқушыларына «Тапсырмалар және жаттығулардағы химия» курсы таңдалған. ЖИ көмегімен химиялық лабораториялық тапсырмалар түрлерін орындап химиялық реакцияның жүргенін бақылайды.
11 «А» сыныпта информатика пәні аясында «Мобилография» курсы оқушылардың заман талабына сай жасанды интеллектпен жұмыс жасауын қамтамасыз ету, қызығушылығын ояту, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында таңдалды. Аталған курс оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, мультимедиялық контент жасау дағдыларын дамытуға және практикалық тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған. Курс барысында келесі тақырыптар қамтылды:
- Мобилография негіздері
- Смартфон камерасының мүмкіндіктерін пайдалану
- Композиция және кадр құру
- Жарықпен жұмыс істеу
- Монтаж және өңдеу бағдарламалары


Есептер шығару – химия ғылымын өмірмен байланыстыра алатын тамаша әдіс. Есептерді шығару арқылы оқушының ойлау, есте сақтау, химиялық тілде сөйлеу қабілеттерін дамытуға болады. Есептерді шығару барысында оқушылардың білімі мен біліктілігін, іс - әрекет дағдыларын қалыптастыра отырып, тез ойлау, дұрыс жауап беру, өз пікірін айту қабілеттері шыңдала түседі. Оқушы бойында еңбекқорлық, мақсат қоя білу және сол мақсатқа жету үшін күресе білу қабілетін жетілдіруге үшін 24.09 2024 жылы 11 «А» сыныбымен сыныптан тыс іс -шара ұйымдастырылды. Білім алушылар есептер жүргізу арқылы химиялық тәжірибиеге қажетті ерітіндінің мөлшерін есептеп, қауіпсіздік техникасын сақтай отырып «жанбайтын қол» қызықты химиялық тәжірибие жүргізді.
Есеп шығару химия пәнін меңгеруде үлкен орын алады, себебі, ол кезде оқушы өзінің алған теориялық білімін практикада қолданып үйренеді. Қажет болған жағдайда кітаптардан теориялық қағидаларды қайталайды, тиісті формулалар мен заттардың физикалық және химиялық қасиеттері туралы мәліметтерді еске түсіреді.
Есеп шығаруда пән аралық байланыс та іске асады, табиғаттың тұтастығы туралы көз-қарас қалыптасады. Есеп шығаруда оқушылардың ой-әрекеті мен іс-әрекеті дамыту мақсатында 26.11.2024жылы сайыс сабақ өткізілді.
Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, теориялық алған білімдерін өмірде пайдалана білуге ықпал жасалып отыр. Қалыптасқан білім дағдыларын басқа салада қолдануға мүмкіншілік береді, оқушыларға өзінің шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында 25.02.2025жылы интеллектуалды және тәжірибиелік сабақ өтіліп, оқушылар марапатталды.



