13
октябрь
2021
«Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оның жетілдіру жолдары»

2021 жылдың 13 қазанында Жамбыл облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оның жетілдіру жолдары» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтардың озық іс-тәжірибесі таратылды.
Мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру,озық идеялы тәжірибені тарату, өзара тәжірибе алмасу, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді. Аталған іс –шараға біздің Меркі ауданынан Владимир Савва атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы Абашева Сымбат Сұнғатқызы, № 21 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы Назаркулова Айгерім Серікқызы, № 28 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы Умурзакова Рита Шамшетовна өз іс- тәжірибелерімен бөлісті. Көрсетілген диагностикалық талдамалар мен интерпретация қорытындылары үздік деп танылып, облыстық үздік озық-тәжірибелер жиынтығына енгізілді.