Білім алушыларының дұрыс тамақтануы туралы кеңес беру дәрісі
№28 жалпы орта білім беретін мектебінің білім алушыларының дұрыс тамақтануы туралы кеңес беру дәрісінен анықтама
2021 жылдың 13 қазан күні №28 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мадиев пен мектеп медбикесі Т.Тилегенова ,әлеуметтік педагог Б.Усенкуловамен бірлесіп «Білім алушылардың дұрыс тамақтануы» атты тақырыпта 8-9 сынып оқушылары арасында дәріс өткізді. 25-дан астам оқушылар қатысты. Дәріс барысында фасфудтың түрлері, жағымсыз әсері мен зияны туралы, сонымен қатар дұрыс және пайдалы тамақтану ережелері жайлы айтылды. Тамақтану тәртібін дұрыс құру жөнінде, мәзірден қандай тамақты алып тастау керектігі жайлы ұсыныстар берілді. Оқушыларға брошюралар мен суреттер таратылды. Дәріс соңында білім алушылардың сұрақтарына жауап берілді.

