Ахметжанов Айдын Еркінұлы

Өмірбаян
Мен Ахметжанов Айдын Еркінұлы 1973 жылдың 11 тамызында Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылында қарапайым отбасында дүниеге келдім.
1980 жылы №28 жалпы орта білім беретін мектебінің табалдырығын аттап, 1990 жылы 10 сыныпты аяқтап 1991 жылдың қараша айынан 1993 жылдың қараша айы аралығында отан алдындағы борышымды арнайы момто-атқыш бөлімінде старшина шенінде атқардым.
1996 жылы М.Хайдар Дулати атыңдағы Тараз мемлекеттік университетіне түсіп 2000 жылы Тарих пәнінің мұғалімі мамандығын игеріп, ұстаз атандым.
1999 жылы №28 ЖОББ мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істей бастадым.
2001-2008 жылдар аралығында осы мектепте директордың тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары болып, 2008-2021 жылдар аралығында, директордың оқу тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары болып қызмет атқардым.
2021 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№28 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры қызметін атқарып келемін.
Отбасым: әйелім – Барменкулова Шынар Бериковна- қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі. Балаларым- төрт қызым, бір ұл бар.