ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ НАСИХАТТАЛДЫ » СШ№28 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№28 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ НАСИХАТТАЛДЫ
24
ноябрь
2018

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ НАСИХАТТАЛДЫ

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ НАСИХАТТАЛДЫ

21 қараша күні № 28 ЖББМ  акт залында Елбасының ағымдағы жылдың               5 қазан күнгі «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында аудандық  ақпараттық-насихаттық топ келіп, аудан мектептерінің директорлары мен педагогтарымен  кездесті. Насихаттық топ құрамында: аудандық  білім басқармасының басшысы Есенов Сәкен Бөрібайұлы, топ жетекшісі «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Көкірекбаев Мұрат Болысбекұлы, Иван Трубицын атындағы №17 ЖББМГ директоры Тлеубердиева Гүлжан Ержанқызы келді.

Кездесу барысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша Көкірекбаев Мұрат Болысбекұлы Жолдаудың  басым бағыттарын талдап, жиналған қауымға егжей-тегжейлі жеті бастаманы түсіндіріп өтті. Елбасының соның ішінде ауылдағы педагогтарға, дәрігерлерге еңбекақысының өсуі туралы және функционалды міндеттеріне жатпайтын жұмыстардан босату туралы айтылған тапсырмасын барлығымыз қуана қолдайтынын баса айтты.

Аудан  мектептерінің директорлары өз ойларын ортаға салды.  №6 «Кеңес» орта мектебі коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің  директоры Меңлібеков Бахтияр Смәділұлы Елбасының Жолдауын ұжыммен қолдайтынын атап кетті. «Педагогтардың мәртесі» туралы Заң ұстаз қауымының жұмысын реттеп, олардың алаңсыз білім берумен айналысуын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде мұғалім қауымының қуанышын еселеуде». Сөз алушылар,  қазір ел тұрғындарының 72,5 пайызының тұрмысы жақсарғанын айта келе «Ұстаз мәртебесі туралы» заңның қажеттілігі, жастар жылын жариялаудың мәні, агроөнеркәсіп және қайта өңдеу саласын қолдаудың, өмір сапасын арттырудағы мақсаттардың  маңызын түсіндіруге бағыттады.

№ 13 ЖББМ директоры Боржуков Қанат  да Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауындағы білім беру саласындағы Елбасының жасап отырған жағдайына тоқталып, ризашылығын білдірді. Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты жасалғанын қолдайтынын айтты. Сонымен қатар «ауыл мектептерінің дарынды балалары үшін НЗМ білім алушыларынан бөлек, жеке жарыстар мен олимпиадалар қарастырылса» деген ұсынысын берді.  

Жиын барысында жарыссөзге жазылып, өз пікірін білдірген №6, №13   ЖББМ мұғалімдері Қолдыбаева Гүлжан және Сырғабаева Меруерт Жолдаудың халыққа маңыздылығы өте жоғары екенін айтып өтті. Ерекше қуантатыны, Елбасының екі жақсы бастамасы, ол – біріншіден, жалақы көтеру, бұл енді экономикалық жағынан өте маңызды. Ал екіншісі, меніңше аса ерекше мән беретін тұс — ол 2019 жылдан бастап «Педагогтар мәртебесі» туралы арнайы Заңның қабылданатындығы» деді Қолдыбаева Гүлжан, ал Сырғабаева Меруерт:  «Шынымен де, қоғамды алға бағыттап тәрбиелейтін — ұстаздар. Білім жүйесі дегеніміз, бұл тек қана білім беріп қана қомай, белгілі бір мөлшерде балаға ақпарат беру жүйесі емес— бұл шындап келсек, әлеуметтендіру институты. Сондықтан біз ұстаздың мәртебесін қоғамда нақтыламай, білім жүйесінде үлкен жетістіктерге жетуге өте қиын болады. Жалпы елдің тұрақтылығы, бірлігі болып жатқан өзгерістер кезінде, экономикалық тұрақсыздық кезінде өте жақсы қоғамға, әсіресе, ұстаздарға, балаға деген ерекше мән беріп, ерекше мейірімділікпен сол проблемаларға қарау, меніңше, біздің қоғамның келесі дамыған сатысында екенін көрсетеді» деп, пікірін айтты.
          Жиналыс соңында Есенов Сәкен Бөрібайұлы  «Президенттің әр тұжырымы, әрбір тапсырмасы біздің көкейімізден шықты. Бұл Жолдау – Қазақстанды одан әрі гүлдендіре берудің, ел тұрмысын жақсарта түсудің айқын да жарқын ұзақ мерзімді бағдарламасы. Ендігі міндет – Президент алға қойған тапсырмаларды жүзеге асыру» деп қорытынды жасады.



 

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ НАСИХАТТАЛДЫ

 

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ НАСИХАТТАЛДЫ