06
март
2024
TALIS-2024 халықаралық білім беру мен оқыту зерттеуі.
2024 жылы 6 наурыз күні №28 жалпы орта білім беретін мектепте TALIS-2024 халықаралық білім беру мен оқыту зерттеуі өткізілді. Мектебіміз TALIS-2024 халықаралық зерттеуіне таңдап алынған мектептердің қатарында болғандықтан педагогтеріміз аса жауапкершілікпен қарады. TALIS мектептегі білім беру ортасы мен педагогтердің еңбек ету жағдайларын қарастыратын ең ауқымды халықаралық зерттеу. TALIS зерттеуі 2008 жылдан бері өтіп жатыр, Қазақстан 2018 жылы үшінші цикліне алғаш қатысты, 2024 жылы төртінші цикліне екінші рет қатысып отыр.
Зерттеуді өткізу кезеңіне Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасының әдістемелік кабинет меңгерушісі, облысты зерттеуді үйлестіруші Жамалбекова Шафиға Мамырханқызы қатысты. Мектептің негізгі орта білім беретін (5-9)10 сынып оқушыларына сабақ беретін барлық мұғалімдерінің арасынан кездейсоқ іріктелген 22 педагог және мектеп директоры Ахметжанов Айдын Еркінұлы «TALIS 2024» халықаралық зерттеуіне қатысты. Бұл педагогтардың еңбек жағдайы мен мектептердегі білім беру ортасын бағалайтын ауқымды халықаралық зерттеу ретінде қаралады. Ондағы жинақталған мәліметтер педагог кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру, мұғалімдерді ынталандыру. Сонымен қатар оқу бағдарламаларын әзірлеуде пайдаланылады.TALIS зерттеуі мектеп мұғалімдері мен директорына халықаралық келісілген сауалнама жүргізу арқылы өткізілді.
Инновациялық оқыту әдістеріне ерекше мән беретін, жаңашылдыққа бет бұруға бағытталған ТАLIS зерттеуіне қатысқан педагогтерімізге шығармашылық табыс тілейміз!