"Мұқағали - мәңгілік ғұмыр"
9 - ақпан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" атты поэзиялық кеш өтті. Кеш әдеби сарында топтық сайыс түрінде ұйымдастырылды. Ақынның өлеңдері оқылып, поэмасынан үзінділер сахналанды. Ақын шығармасын оқу арқылы суретпен бейнелеу, өлеңдерін әуенмен айту бойынша оқушылар белсенділік танытты.